Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алау эстафетасы Петропавл қаласында өтті

28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алау эстафетасы Петропавл қаласында өтті

Бүгін СҚО-ына 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауы келді. Петропавл қаласындағы Алау эстафетасының бірінші кезеңі сағат 10:00-де басталып, алауды тұтату салтанаты М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтеді. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жиналған қауымды құттықтап, спортшыларды қолдауға шақырды:

- Бүгін біз тарихи сәттің күәгері болып отырмыз. Бірінші рет біздің елімізде – Алматы қаласында 57 мемлекет өкілдері қатысатын қысқы Универсиада ойындары өтпек. 4 күн ішінде Универсиада Алауы Қазақстанның барлық аумақтарында жағылатын болады. 22мың км бағыттағы жолды, оның ішінде 200 км-ді Алаугерлер өтеді. Біздің облыстың намысын 8 жерлесіміз қорғаймақ: конькимен жүгіру спортынан – Роман Креч, Федор Андреев, Иван Аржанников, Татьяна Климчук, Светлана Мальцева, Мария Громова; шаңғы жарысынан - Ринат Мухин, керлингтен – Дмитрий Гарагуль. Барлық спортшыларымызға тек жеңіс тілейік!

Эстафета алауын жағу мәртебесі облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаевқа табысталды. Эстафетаны бірінші болып бастаған облыс әкімінен алауды 2013 жылғы Бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындарының чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Маргарита Мукашева алды.

Алаугерлер арасында тай бокстан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат Руслан Заякин, қазақ күресінен ҚР спорт шебері Райымбек Алпысов, гир спортынан спорт шебері және жастар құрамасының мүшесі Артем Головкин, Армрестлинг бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар құрамасының мүшесі, бес дүркін Азия чемпионы Баталов Алексей, дзюдодан ҚР спорт шебері, Республиканың ұлттық құрама командасы негізгі құрамының мүшесі, 2015-2016 жылдар аралығындағы ҚР чемпионы, дзюдодан 2015-2016 жылдар аралығындағы Азия чемпионатының жүлдегері, самбодан 2015 жылғы Әлем және Азия чемпионы Назгүл Маратова және т.б. Барлығы эстафетаға 60 алаугер қатысты. Екінші кезең Тәуелсіздік стелласының алаңында сағат 14:30-да басталып, А. Винкуров атындағы Спорт сарайының алдында сағат 19:00-де мәресіне жетті.

 
TWITTER
  •  
  • Курсы валют: курс доллара, курс евро
     
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь