Күні: 31.01.2017ж
Сынып:9
Сынып жетекшісі: Жамулдинов С.А
Тақырыбы: «Бірлікте біздің күшіміз»
Біздің күшіміз – бірлікте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен биылғы жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды. Бұл – табалдырығымыздан аттаған жаңа жыл ел бірлігінің, бейбітшілік пен келісімнің, татулықтың жылы деген сөз. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті Қазақ жерін пана тұтқаны белгілі. Сындарлы кезеңдерді бастан өткерген қазақ халқы өз атамекенінде көпұлтты мемлекетке айналды. Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүру маңызды. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты ұлтына бөліп-жармай, біртұтас Қазақстан қоғамын қалыптастыруды мақсат тұтып, 1992 жылы алғаш рет Ассамблея құру туралы идеясын қалың көпшілікке жариялады. Идея ірі мақсатқа ұласып, 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Биыл ұлтаралық татулық пен қатынасты, біртұтас қоғам құру мен түсіністікті басты шарты еткен Ассамблеяға – 20 жыл. Ауданымыздың жүрегі «Қазақстаным» деп соққан барлық ұлт өкілдерінің жастары, Елбасы айтқандай, «біздің туымыз – бірлік» болғанда ғана «бір халық – бір ел – бір тағдыр» бастамасына апаратын «Нұрлы жол» арқылы тегі – бөлек, теңдігі – бір түрлі этнос өкілдерінің жасампаз жастары ұлтаралық татулық пен достық қатынасты, қазақстандық патриотизм моделін нығайтуда бар күш жігерін аянбай еңбек етеді деп ойлаймын. «Мәңгі ел» болуға бет алған қазақ елінің «алтын» жастары болашаққа үлкен сенім білдіре отырып, ұлтының өсіп-өркендеуіне ықпал ететін, өркениетті ел азаматы болуға дайындалуда. Сондықтан, біз алдымызға нақты міндеттер қоя отырып – мықты да бәсекеге қабілетті «Мәңгі Қазақстанды» құру үшін аянбай тер төгеміз, барлық жастық күш-жігерімізді арнаймыз. Біз, талғамы жоғары, ұлттық рухы биік, патриот жастар ел саясатының жүзеге асуына белсенділікпен атсалысып, қолымыздан келетін іске бір кісідей жұмылатынымызға сенімім мол. Тәуелсіз Қазақстанның аспаны мәңгі бейбіт болсын. Жерімізден құт-береке қашпай, ұлт пен ұлыстың достығы артып, татулығымыз таси берсін!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау