Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»

   Есперлі негізгі мектебінде 2016 жылдың 2-ақпан  «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік басталды. Аталған шара балалар мен жастардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуды, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіруді көздейді.

Кіріспе

«Өзін-өзі тану»:  сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы

« Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек,

тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы »

Әбу Насыр Әл-Фараби

  Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбиеден өтеді. Ұстаздың ұлағаты шәкіртіне білім нұрын төкпей тұрып санасына сан қырлы сәуле құюы да жоғарыдағы баба сөзінің салмағы болар. Қазіргі таңда осы мәселе, яғни келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы білім беру мәселесі алға қойылып отыр.

 Жаңа ғасыр толқыны әкелген сәйкес қазіргі заманда оқушылардың тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Осындай жағдайларда Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуы бойынша кең көлемде «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, даналықтың шыңы, ол- махаббат, ол — бақыттың құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы . Жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.Сабақ барысындағы ойындар, жаттығулар, тренингтер, шаттық шеңбері балалардың шығармашылықтарын шыңдауға септігін тигізеді.

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» себебі: өзін-өзі тану пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға тәрбиелейді .Махаббат пен шығармашылық білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. Сол сияқты өзін - өзі тану пәнінің авторы С.А Назарбаеваның туған күніне орай арнайы онкүндік өткізіу біздің мектебіміздің дәстүріне айналған . Онкүндікке арнайы жоспар құрылып, әрбір күн ерекше өткізіледі .Өзін -өзі тану пәнінің құрылымына жете түсінген оқытушы мен оқушылар белсене қатысады . Рухани адамгершілігі мол әріптестерімнен білім нәрімен сусындаған шәкірттердің өсіп шығатынына сенемін .

 «Өзін-өзі тану»: Сүйіспеншілік  және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі  аясында кітапханада «Мейірім шапағатын  төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды.
Онкүндікке арналған ақпараттық стенд қойылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь