Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Үйсіндер тарихы, орналасқан жері

 

Пән аты: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сынып: 6

Мұғалім: Жамулдинов Сағындық Амангелдіұлы

Сабақ тақырыбы:  Үйсіндер тарихы, орналасқан жері

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушыларды ежелгі үйсіндер туралы тарихи деректермен олардың мекен қоныстарынан табылған археологиялық ескерткіштермен таныстыру.

Б) Үйсіндердің күнделікті тіршілігінен,шаруашылығынан хабар беретін археологиялық ескерткіштерге сипаттама беру,оқушылардың өздерін қатыстыра отырып,тарихи фактілерге,құбылыстарға баға беру арқылы олардың ой,таным деңгейін дамыту.

С) Оқушылардың қазақ халқының негізін құраған  тайпалардың бірі, өз кезіне лайық дамыған шаруашылығы,озық салт-дәстүрі болған  Үйсіндер мемлекетімен таныстыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ .

Сабақтың әдісі: СКТ,СТО әдістерін пайдалану,баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Карта,сызбалар,үлестірме парақ,проектор тақтасы.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу-құралын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Картадан сақ ескерткіштері,сақ бейіттері табылған жерлерді көрсет ?

2.Шірік – Рабат ескерткіші туралы не білесің ?

3.Есік қорғанынан қандай ескерткіш табылды ?

4.Сақтарда зергерлік өнерінің дамығанын дәлелдеп айтып бер ?

5.Сақтардың әдет-ғұрпы,діни – нанымы туралы не білесің ?

6.Сақтардың айналадағы қоршаған дүние туралы қандай түсінігі болған ?

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Үйсіндер туралы деректер.

2.Мекендері мен қоныстары.

3.Археологиялық ескерткіштері.

Үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тайпалардың бірі.Қазақ халқының қалаыптасуынан негіз болған тайпалар қатарына жатады. Қытай жазбаларында «усун» атауы б.з.б ІІ ғ. бастап кездеседі.

                                                         Жауынгер

                                                                                                         

                             Өжет                                                     Батыл

 

                            Ел                                                           Көшпелі

 

 

                          Қайсар                                                                                                                                                                                                                   

 

                                                                                             Тайпа

             

                                                   Қазақтың арғы тегі

 

 Ғұндардың күшеюінен қорыққан Хань әулетінің билеушісі У. Ди өзіне одақтас іздеп батыс елдеріне Сыма Цянь бастаған елшілік жіберді. Ол үйсіндер туралы толық мәлімет жинауға және олармен тату көршілік қатынас орнатып қайту үшін келді. Б.з.б. 138-126 ж. Б.з.б. 115 ж. Екі рет үйсіндерге келген бұл елшілік олардың жерімен өтетін «Ұлы Жібек» жолындағы керуендердің де қауіпсіз болуын көздеді.

    Сыма Цянь жинаған деректерде үйсіндердің адам саны 630 мың,үй саны 120, соғыс болған кезде 180 мыңдай жауынгер шығара алады делінген. Қытай дерегі үйсіндердің көзі көк  десе, археологиялық деректер олардың европойдтық нәсілге жататындығын дәлелдеп отыр. Іле өзенінің бойында қазылған обалардан табылған  50 адамның бас сүйегінің 44 – інде европойдтық, ал 6- да монғолойдтық белгілері бар.

 

Қытай жазбаларында «усун» атауы б.з.б. ІІғ. Бастап кездеседі.

Сыма Цянь                                                          халқының саны 630 мың

Б.з.б. 138-126 ж.ж.                                               үй саны 120 мың

Б.з.б.  115ж.                                                          Жауынгерлердің саны 180 мың

 

 

    Ең алғаш үйсіндердің қай жерді мекендегендігі туралы деректер Қытайдың «Тарихнама» (Шинцзи), «Хань хандығы кітабы» (Ханьшу) секілді кітаптарында кездеседі. Үйсіндер б.з.б. 160 ж. өздерінен бұрынырақ Іле өңіріне келіп қоныстанған иузейлерді бағындырған кейін осында қоныс аударады.

   Үйсіндердің териториясы батысында Шу,Талас өзендері,шығысында Тянь-Шань тауларының шығыс алқаптарына дейінгі, ал солтүстігі Балқаш көлінен, ал оңтүстігі Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі аралықта созылып жатты. Үйсіндер шығысында ғұндармен,оңтүстігінде Шығыс Түркістанның отырықшы халқымен,оңтүстік-батысында Ферғанамен,батысында қаңлылармен көршілес болды.

      Қытай ғалымы Су Байхай мен қазақ ғалымы Ә.Төлеубаевтың зертеулеріне қарағанда үйсін мәдениеті Шығыс Қазақстанның Тарбағатай тауының баурайына да тараған. Үйсіндердің қыстаулары мен жайлаулары Жетісу таулары мен олардың аласа беткейлерінде , Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында болған. Өзен атыраптарында  егін шаруашылығы өркендеген.

     Үйсіндердің билеушісі гуньмо (күнби немесе күндей биік әмірші) деп аталды. Үйсіндер мемлекетінде үштік жүйе болған. Олар: шығыс,батыс, орталық бөліктерге бөлінген. Мемлекеттің астанасы Қызыл Аңғар (Чигучен) қаласы болған. Ол бекіністі қала қазіргі Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауына салынған.

 Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері Жетісу жеріне көп тараған. Негізінен сақ обаларының маңайында орналасқан.Көлемі жағынан да, биіктігі жағынан да сақ  обаларынан әлдеқайда кіші.

       Обалардың көпшілігі диаметрі 6-20 метр,ал биіктігі жарты-1 метр үйінді болып келеді.Үйінді деп отырғанымыз тас пен топырақ аралас төмпешік.Кейде үйіндінің етегі немесе төбесіне жақын тұсы айнала кішігірім қазандай тастармен көмкеріліп қойылады. Ал үлкен обалардың диаметрі 50-80 метр,биіктігі 8-12 метр болатыны да кездеседі. Бірақ олардың көбісі тоналған. Үйсіндердің обаларын археологтар салынған уақытына қарай 3 топқа бөледі.

1.Б.з.б. ІІІ-ІІ ғ. ертедегі қорымдар (Қапшағай,Өтеген,Қызылауыз,Қызылеспе,Қызылқайнар). Олардың ерекшелігі – қорымдар солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеліп салынған. Әр тізбекте бес,алты оба бар.

2.Б.з.б. Іғ. – б.з. Іғ. Орта кезеңдегі қорғандар (Тайғақ,Талғар,Алтынемел,Ақтас) жүйесіз, үш обадан тізбектеліп салынған.

3.Б.з. ІІ-ІІІғ. кейінгі кезеңдегі қорғандардың ерекшелігі түгелдей «тізбексіз» қалай болса солай жүйесіз салынған. Қабірлер лақатталып қазылған. (Шолақжиде, Үңгірқора, Қалқан)

     Жетісу үйсіндері мәйітті шалқасынан жатқызып,басын батысқа қаратып қойған.Үйсіндердің қоныстары Шу алқабындағы бүгінгі Құлан ауылы маңында болған.Үйлерінің қабырғалары шикі кірпіштен соғылып,едендері балшықпен сыланған.Үй ортасында ас пісіретін ошағы бар.Бұл жерді мекендеген үйсіндер мал шаруашылығымен де,егін егумен де айналысқан. Мұны осы қоныстардан табылған үлкен қыш ыдыстардың сынықтары,дән үккіш тастар мен кетпендер дәлелдейді.

    Үйсіндердің қоныстары барлық жерде бірдей емес.Ақтас қонысының (Алматы облысында) ерекшелігі – археологтар тапқан бес тұрғын үй мен қора- жайдың тастан қалануы. Ол өзеннен тартылған арықпен суарылған.

ІҮ.Сабақты бекіту.

1.Үйсіндер туралы деректер қай елде кездеседі ?

2.Үйсіндердің мекендеген жерлерін картадан көрсет ?

3.Жазба деректерде б.зб. Іғ. Үйсіндердің қоғамдық құрлысы туралы не айтылған?

4.Үйсіндер мемлекеті қанша жүйеге бөлінген ?

5.Үйсін мемлекетінің астанасы қай қала ?

6.Үйсіндердің обаларынын археологтар салынған уақытына қарай қанша топқа бөлді?

7.Үйсіндердің қоныстары қай жерлерден табылды ?

Ү.Сабақты қорытындылау.

Мұғалім оқушылардың көзқарасын сұрайды.

ҮІ.Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Тақырыптың мазмұнын айтуға дайындалу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь