Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Әкем, шешем және мен- спортшымыз шетінен» көңілді сөрелер жарысы.

2017 жылдың 01 ақпанында 28-Дүниежүзілік Универсиада аясында қазақ мектеп-гимназиясының спортзалында 2-сыныптарының ата-аналарымен бірлескен «Әкем, шешем және мен- спортшымыз шетінен» атты көңілді сөрелер жарысы өтті. Жарысқа 6 команда қатысты . Атап айтқанда, 2а сыныбынан Омаровтар отбасылық «Достық» командасы, 2ә сыныбынан Макиндер отбасылық «Барыс» командасы, 2б сыныбынан Хұсайындар отбасылық «Жалын» командасы, 2в сыныбынан Шаймерденовтар отбасылық «Жалын» командасы, 2г сыныбынан Абдулла отбасылық «Бейбарыс» командасы және 2ғ сыныбынан Сабиевтер отбасылық «Тұлпар» командасы.

Жарыстың мақсаты: Мектеп пен ата-аналар, оқушылар  арасындағы қарым қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, ең спорттық жанұяларды анықтау және Универсиадаға қатысып жатқан біздің жерлес спортшыларымызды қолдау.

Жарыс басталмастан бұрын әділ қазылар алқасы сайланып, төрешілер тағайындалды. Жарысқа қатысатын командаларды таныстырды. Сергіту сәтінде командалар «Қара жорға» биі биледі.

Жарыс 6 кезеңді  қызықты эстафеталардан тұрды.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды 2в сыныбынан Шаймерденовтер отбасылық «Жалын» командасы, ІІ орынды 2а сыныбынан Омаровтар отбасылық «Достық» командасы, ал ІІІ орынды 2б отбасылық Хұсайындар командасы иеленді. Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды. Қалған  үш командаға белсене қатысқаны үшін дипломдар табысталды.

Қазақ мектеп-гимназияның дене шынықтыру мұғалімдері

Базарбаев Ж.Ж., Хайруллин Қ.М.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь