2017 жылдың қаңтар-маусым аралығында «Қазақстан – мейірімділік мекені» аттыреспубликалық балалар бастамасын өткізу ұсынылуда.
Республикалық балалар бастамасының мақсаты- мейірімді істерге, қайырымдылық акцияларына балалардың қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастыру, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын кеңінен насихаттау және тарату.
Бастама қатысушылары:
Кіші мектеп жасындағы оқушылар (1-4 сыныптар).
Жоғары сынып оқушыларымен әлеуметтік белсенділік тәжірибесін қалыптастыратын, жеке және топтық іс-әрекетті қалыптастыратын, өзіне және қоршаған ортаға пайда әкелу арқылы әр түрлі іс-әрекетке тартылады. Балалар қарттарға көмектесіп, ата-аналарға көмектеседі, үлкендерге орын беріп, құстарға үйшіктер салады.
Орта буын оқушылары (5 - 8 сыныптар).
Балалар қарттарға көмектесіп, ата-аналарға көмектеседі, акциялар мен фестивальдар ұйымдастырады, ата-аналарына, ата-әжелеріне арналған мерекелік кештер ұйымдастырады, оларға сыйлық жасайды. Аз қамтылған отбасында тұратын құрбыларына топтық көмек көрсетеді.
Жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар)
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, қарттарға көмек көрсетуге бағытталған акциялар ұйымдастыру. Кіші мектеп жасындағы және орта буын оқушыларын іс-шараларға тарту. Игі істерді әлеуметтік желілерде, мектеп газеттерінде және журналарында насихаттау.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау