Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Жанашырлық- жанға қуат

Мектеп: Есперлі негізгі мектебі                                                                                                       Мерзімі: 14.12.2016

Мұғалім: Амангельдина Гульнар Мансуровна

Сынып: 6                                 Оқушылар саны:  6

Т ақырып:Жанашырлық- жанға қуат                                                       Сабақ №14

Құндылық:  Қиянат жасамау

Қасиеттер: Сабырлық ,мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық.

Сабақ мақсаты

Оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік беріп, қиянат жасамау құндылығын жеткізу.

Міндеттері:

1.     Оқушыларға сабырлық пен жанашырлық қасиеттері қиянат жасамаудың жолы екенін жеткізу;

2.     Оқушылардың бойында қамқорлық жасау, түсіне білу, кешіре білу сезімдерін дамыту;

3.     Оқушыларды қайырымдылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)оқулық, АҚТ, дәптер, маркер, стикерлер,Білім ағашы суреті плакат, А3,А4

 

 

Сабақ барысы:   

1.      Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.

Арқамызды тік ұстап отырамыз.Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, демімізбен өзімізді  еркін, тыныштықта сезінеміз.

          Қазір біз орманға серуендеп, дем алуға барамыз. Өзіміздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыздар.

         Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен  күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

         Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық.  Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық.Табиғаттың әсемдігі мен балғвндвғвн спезініңіздер. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп , оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз.  Айналамыздағы әрбір әсемдікті  көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

         Орманның ішіне де келдік. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

         Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын. 

         Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға  тағы  көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Міне, мектептің алдына да келдік.Айналамызға тағы да бір қарап,таза ауаны терең жұтып мектепке кіреміз. Келіп өз орнымызға отырайық.

         Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

-         Балалар осы тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар?

 2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. №13 сабақ. «Алма ағашы» өсиет әңгімесіндегі балаға қандай тілектер айтасыңдар? Ағаштың суретін салып, тілектер жазып келу.

2.№ 14 сабақ. Жомарттықты жанашырлық қасиетімен салыстырып ортақ ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.

Жанашырлық ниеттестігі,тілектестігі,сыйластығы,  қомқорлық көрсетуі, жәрдем беруі  

Сабақ барысын талдау:

1.     Дәйексөз.

 Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле... 

                                                                              А.Йүгінеки

3.1. Дәйексөзді оқыту (жеке). Енді осы дәйексөзді жеке-жеке оқимыз.

3.2. Дәйексөздің мәнін ашу.

3.3 Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесің?

3.4.Дәйексөзді дәптерге жазып аламыз

 

4.Әңгімелеу.  

   1943 жылдың ақпан айының бас кезінде отбасымыз орасан зор қайғыға душар болды. Мен жан қинаған аштық пен жрқшылық, соғыс зардабы жайында айтыпотырған жоқпын.Мұның бәрі үнсіз мойындалған, айтпай-ақ, түсінікті жәйттер. Анамыз ауру. Жиде аулында  тұрып жатқанбыз. Төрт баланың үлкені-өзім. Жасым он бесте. Мал ұстайтын қорамыз жоқ болғандықтан, біз сиырымызды-жалғыз асыраушымызды бастықтың рұқсатымен колхоз қорасына қамайтынбыз. Соғыстың алдында, бұзау күнінде бізге бәсіре ғып берген сол сиырдың атын әлі күнге ұмытқаным жоқ- Зухра еді. Мұның бәрін тәптіштеп әңгімелеп отырғаным, ол сиырсыз біздің өмір сүруіміз еш мүмкін емес-ті. Күні бойы сарайдан шықпай, Зухраны бағып, көршілерден қалдық тамақ жинап әкеліп, аузына тосатынбыз.

    Көктемге салым кішкентай бұзаулы болса, үйімізден сүт, қаймақ, айран, ірімшік арылмас еді деп армандайтынбыз.

  Бірде орнымнан ерте тұрдым да, колхоз қорасына  барып, Зухраны көрмек боп, үйден шықтым. Тұла бойымды қалтыратқан суық жел мен алакөлеңке қыс таңын ғұмыры ұмытпақ емеспін. Қораға жұрттан бұрын жеткен екем, малшылардың ешқайсысы келмепті. Есіктен кіре берісте, ең шетте байлаулы тұратын біздің сиыр орнында жоқ.Алғашқыда босанып кетіп, далада жүр ме деген ойға келдің. Қора мен сарайда анық жоқ боп шықты. Бір бұрышта үйілген шөп үстінде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан күзетшіні ояттым. Қария шынында да білмеді ме, әлде білмейтін адамның кейпін танытты ма, мұрын астынан міңгірлегеннен басқа жарытып жауап бере алмады. Жанымның қысылғаны сондай, айналаны қарап, өзен жағасына дейін барып, зыр қағып, қарап келдім. Әдеттегідей ертемен мөңіреп қарсы алатын Зухра жоқ. Бір сұмдықтың болғанын сездім де, жедел басып, анама келдім.

  Сиырдың ұрланғанына шөк келтіру мүмкін емес еді. Бәріміздің алдымызда енді Зухрасыз қалай өмір среміз деген сауал тұрды. Інім мен қарындастарым өксігін баса алмай, ұзақ жылады. Улап-шулаған дауысымызды естіген көршілер келіп, ұрыларды қарғап- сілеп жатты. «Ұрылардан қайткенде  де өш алуым керек, өзімнен кіші бауырларымды  қорғай алмасам, өмір сүрмей -ақ қояйын!»- деген жан дүниемде қатты ызы мен кектің оянғанын әлі жадымда. Ойымда бір-ақ мақсат тұрды: ол -ұрыларды өз қолыммен өлтіру. Көршіміз тракторшы Темірбекке мылтығын сұай бардым. Ауырып жатыр екен. Сөзге келместен:- Әне, қабырғады ілулі тұр, ала ғой.Оқ-дәрісі бөлек дорбаға салынған.Денім сау болса, өзім ақ іздеп табар едім,-деп кіжінді.

  Темірбектің үйінен оқтаулы мылтықпен және ыза-кектен шықтым.

   Ұрылар қанша адам болса да, мейлі, үстінен түсемін де, жалғыздап атамын. Басқаша болуы мүмкін емес! 

  Егістікпен, ойлы-қырлы жерлермен тоқтамастан жүре бердім. Іні -қарындастарыммен кезектесіп киетін жалғыз етік жыртылып қалса да, аяп жатпадым.Жол таңдап жүруге уақыт тар еді. Күн екіндіге таянды. Ұры қарасын көрсетер емес.Айнала мүлгіген тау мен жазық дала. Тірі жан да, малдың ізі де көзге шалынбайды. Әбден дағдарып, ұрылар жақын жердегі Жамбылға кеткен болды деп ойладым.

  Өз ойыммен арпалысып келе жатып, ешкім бармайтын ескі қорым жақтан келе  жатқан есек мінген қарияны аңдамай да қалыппын. Ашудың жетегіне ергенім соншалық, тіпті амандаспадым да. Мені қарияның өзі тоқтатты:

  -Балам, сен біреуді өлтіруге бара жатқан жоқсың ба?

  -Иә,- дедім мен сұрағына еш таңғалмастан,- қайткенде де өлтіремін!

  Есектің үстінде отырған жұпыны киімді қариямен көздеріміз түйісіп қалды. Мен оқтаулы мылтық асынған қалпы шаршаулы жүзбен, парасатты қарияның алдында тұрдым.

  -Е, балам, оңай шаруа емес екен. Асықпа, әңгімелесейік.

  -Неліктен ондай тосын шешімге келдің?

  -Желіндеп тұрған сиырымызды ұрылар әкетті. Төртеуіміз енді аштан қатамыз. Анам болса сырқат....

  -Қиын... Өте қиын... Бірақ сен мені тыңда, балам,-деді қария. -Адамды ойша да өлтіре көрме, тіпті қарғыс атқыр ұрыны да. Ақылымды алсам , үйіңе қайт. Және ғұмыр бойы есіңде сақта , жауыздық жасаған адамды өмірдің өзі жазалайды. Оған күман келтірме. Ал сені өмірдің өзі ризалайды. Бақыт өзіңді іздеп келеді. Оның жүрегіңе қонғанын байқамай қаласың.Бүгін бір сиырды ұрлатсаң, ержеткен соң сенің көп сиырың, бәлки, жүз сиырың болады. Маған сен де , үйіңе қайт. Бір кездері менің сөзімнің растығына көз жеткізесің. Айтқан осы сөздерімді анаңа баяндап бер. Мен де өз жолымнан қалмайын...

  Ұзап кетіп бара жатқан қарияның соңынан қарадым.Кейінге мойын бұрмадым. Керегі болмай қалған мылтықты асынып, мең-зең қалпы ауылыма бет түзедім. Есімді жисам, бүкіл тұла бойым селкілдеп, ебіл-себілім шығып, жылап келе жатыр екенмін. Жол бойында алдымнан Қызыр болып жолыққан сол қарияның сөзі қазірге дейін жадымда:

  -Адамда ойша болса да өлтіре көрме,тіпті қарғыс атқыр ұрыны да...

  Бұл оқиғаны баяндағанымда, бір танысым:

 -Қанша сиырың бар?-деп сұрады.

  -Бір де сиырым жоқ,-деймін.

   Кейін ойладым, дүние жүзі бойынша көп тиражбен шығып жатқан кітаптарым менің қвзіргі сиырларым емес пе екен? Бәлкім әулие ақсақал соны меңзеп айтқан шығар...     

  Кейде сол мұңға толы балалық шағым, жалғыз асыраушымызды жоғалтып, аштықтан бұралған ақпанның аяздыкүндері есіме т.сіп, өз-өзімнен торығатыным бар. Бірақ оқтаулы мылтықтың алдынан ұрының кездеспегеніне бүгіндері ішімнен үш қайыра тәуба айтамын. Қатыгездіктен қатыгездік туындайды.Қапияла ұрыларға тап болып, сеспей қатырсам, менің тағдырым қалай қарай кетер еді?...

   Сол бозбала шақта сүрінсем, соңы тек өкінішпен аяқталар еді. Осыларды ойлағанда денем түршігіп сала береді.

  Мені жамандық атаулыдан сақтап қалған мың болғыр қария кім екен? Әлде алдыман кезіккен Қызыр ма, әулие ме?

 

Сұрақтар:

1.Шыңғыстың қатты ашуланып,ызаға булығып, қолына мылтық алуына не себеп болды ?

2.Оның алдынан шыққан қария қандай ақыл айтты?

3.Қатыгездіктен қатыгездік туады дегенді қалай түсінесіңдер?

      4.Әңгімедегі қай кейіпкердің іс әрекеті нағыз жанашырлыққа жатады?

5.Өздерің ашуды ақылға жеңдіріп, кешірім жасаған кездерің болды ма?

 -Балалар, сонымен біз бұл әңгімеден адамға ашу емес ақылдың дос екенін, қандай жамандық көрсек те жақсылық жасау бұл біріншіден қиянат жасамағанымыз, ал екіншіден өзгеге қиянат жасамағанымыз екенін түсінген болармыз.

 

 

5.Шығармашылық  іс-әрекет, топтық жұмыс.

 

5.1.Топқа бөлу (гүлдердің түстері   арқылы топқа бөлінеді)

5.2.Тапсырма        

 1-топ –«Жанашырлар»

 2-топ –«Сүйіспеншілер»

5.3. Әр топ коллаж жасайды. «Өнерлі балалар көп бізде»

5.4.Тапсырманы талдау

5.5.Тапсырманы қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.     Топпен ән айту. 

      Әке -Ана                 

Жанашырым ана дара шыным ана

Бар асылым ана шуа5ымсы47

Бағбанымсың әке зұр ағымсың әке

Қорғанымсың әке шырағымсың

Қайырмасы

Ана аяулым өзіңмен мақтанамын

А на мен сені Меккеге апарамын

Ана аланың қолдаған бақ талабын

Бұлағымсың

Әке бір жылы сөзіңе шаттанымын

Әке мен сені Меккеге апарамын

Әке биікке самғатып баптағаның

Шынарымсың әке.

 

Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маға ай күнімсің

Қамқорларым дана сүйенішім дара

Әке менен ана байлығымсың

Қайырмасы

Ана аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана мен сені Меккеге апарамын

Ана баланың қолдаған бақ талабын

Бұлағымсың

Әке бір жылы сөзіңе шаттанымын

Әке мен сені Меккеге апарамын

Әке биікке самғатып баптағаның

Шынарымсың әке.

 

 

 

 

 

 

 

7.Үй тапсырмасы

1.Жанашырлық туралы мақал -мәтелдер жаттап келу.

          2.61- беттегі «Ынтымақ» ертегісіне сурет салып келу.

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық.

   -Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы әсер алдық? Бүгінгі сабағымызға сүйене отырып, көз алдарыңа жанашырлық,сүйіспеншілік,отбасындағы сыйластық, тіл алғаштық қасиеттерін жүрегімізде  сақтайық.

Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!

Енді жайлап көздеріңізді ашайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь