Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Кіші жеңістерден олимпиада шыңына!

2015 жылғы 2 ақпанда сағат 15.00 Солтүстік Қазақстан облысындағы колледждер арасында 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиада және Солтүстік Қазақстан кәсіптік –педагогикалық колледжінің 60- жылдығына арналған Борки кентінде шаңғы-роллерлі трассасында шаңғы жарысы бойынша жарыс өткізілді.



Осы шара студенттердің салауатты өмір салтын ұстануына, шаңғы спортының кеңінен таралуына, спорт шеберлігін жүзеге асыруға колледждер арасында студенттердің достық қарым-қатынасынын  және спорт түрлерін нығайтып, кеңеюіне арналды. Жарысқа Петропавл теміржол колледжі, құрылыс –экономикалық колледжі және Солтүстік Қазақстан кәсіптік –педагогикалық колледжінің ұйымдастырушылары қатысты.

Шаңғы стадионы ашық түсті жалаулармен, Универсиада символикасымен, спорттық баннерлармен безендірілді.



Құттықтау сөзбен қатысушыларға спорт ардагері, футбол бойынша СССР атақты спорт шебері, футбол бойынша СССР чемпионы Дурнев В.А. сөз сөйледі. Ол Солтүстік Қазақстан кәсіптік –педагогикалық колледжінің ұжымын оқу орнының 60-жылдығымен,ал қатысушыларды Алматы қ. 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылуымен құтықтап, зор денсаулық, ал спортшыларға шаңғы спортында табыс тіледі.



Ерлер арасында командалық спринт қорытындысы бойынша Щербаков С және Чуманов Д жеңіске жетті, екінші орынды иеленгендер Набиулин Р және Боранбаев Д, қола жүлдегер атанғандар Шперлинг А және Шеставлетов С. Қыздар арасында жүлделі орындар келесі кезең бойынша анықталды; 1 орын –Ларгина М, 2 – орын –Козлова В, 3- орын Тюгина Ю.

Жарыс чемпиондары және жүлдегерлер дәрежерелге сәйкес дипломдармен марапатталды.

Осы өткізілген шараның материалдары жаңалықтар таспасында көрсетіліп, фото және бейнетүсірілімдер жергілікті арналардан көрсетілді.








 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь