Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

22-ші ақпан күні 1-сынып мұғалімі Кубетаева Гүлжан Сапарқызы мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Байдалина Ғалима Ғабитқызы мұғалімдер ұжымына «Критериалды бағалау» оның ішінде «Қалыптастырушы бағалау» жөнінде коучинг өткізді.

    

22-ші  ақпан күні 1-сынып мұғалімі Кубетаева Гүлжан Сапарқызы мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Байдалина Ғалима Ғабитқызы мұғалімдер ұжымына  «Критериалды бағалау»  оның ішінде  «Қалыптастырушы бағалау» жөнінде коучинг өткізді. Коучинг барысында «Критериалды бағалау», «Қалыптастырушы бағалау» не екені, ҚБ қалай  жоспарланып, қалай ұйымдастырылатыны  жөнінде, ҚБ алғаннан кейін мұғалім қалай талдау жұмыстарын жүргізу  керектігі туралы, кері байланыс жасаудың жолдары, оқушы портфолиосы жайлы  айтылды. Өздерінің жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды,  яғни қазіргі таңда 1-сынып оқушыларымен жаңартылған оқу бағдарламасы аясында қалай жұмыс жасап жатқандары жайлы бөлісті.

      Түсіндірме жұмыстарынан кейін мұғалімдердер топқа бөлініп, «Қалыптастырушы бағалау» бойынша  постерлер құрып, оны қорғап,  ойларын ортаға салды. Және әр топ  бірнеше пән бойынша ҚБ ұйымдастыру үлгілерін көрсетті Мұғалімдер қауымы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерін, оның тиімділігін, маңыздылығын  ұғынды. Бұл коучинг «Жаңартылған оқу бағдарламасы»  бойынша курстан өтпеген мұғалімдерге өте пайдалы болды.

      Жоспар бойынша келесі жұмада осы коучингтің жалғасы «Жиынтық бағалау» ұйымдастырылады.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь