Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Өзін-өзі тану» онкүндігі аясында өткізілген іс шаралар есебі

2016-2017 оқу жылы

Бірлік негізгі мектебі

«Өзін-өзі тану» онкүндігі аясында өткізілген іс шаралар есебі

02.02.2017 жылы мектебімізде «Өзін-өзі тану» онкүндігіне арналған «Біз сүйетін пән» атты салтанатты линейка өткізілді.Оқушылар өздері сүйетін әндерін орындап,би билеп көңіл көтерді.

03.02.2017 жыл..Мектеп кітапханасында  «Мейірім төгетін ана» атты көрме     ұйымдастырылды.

04.02.2017 жыл.«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы барысында, оқушылар  өз жүректерінен шықан өлеңдерін және Сара апамызға  арнаған өлеңдерін оқып,мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

 

06.02.2017 жыл. «Жүректен –жүрекке» тақырыбында 7-9 сыныптар арасында дөңгелек үстел  ұйымдастырылып, екі топқа бөлінді.1-топ 7-сынып «Сара апам» сөзіне өлең құрастырса,2-топ 9-сынып «Өзін-өзі тану» сөзіне сөйлем құрап өз өнерлерін,шығармашылықтарын көрсетті

 

07.02.2017 жыл. «Менің шұғылалы әлемім» атты сурет көрмесінде суреттер іріктеліп, суреттерге баға берілді.

08.02.2017 жыл. «Менің лебізім» бір-біріне жақсы тілек айтып, сыйлықтар сыйлау күні болып өтті.

 

09.02.2017 жыл. «Ата-аналар мен   ұстаздар» арасында мектеп  психологі «Достық» тақырыбында сабақ-тренингін тамашаладық.

10.02.2017 жыл. «Алтын жүрек анамыз және өзін-өзі тану» тақырыбында 5-9 сынып оқушылары арасында  алдын-ала берілген тапсырма бойынша жақсы мақалалар іріктелді.

11.02.2017 жыл.Мектеп оқушылары және ата-аналар арасында концерт ұйымдастырылды. Аз қамтылған оқушыларға мектеп атынан көмек көрсетіліп,оқушылардың сұрауы бойынша «Жайдарман-2017» ұйымдастырылды.

13.02.2017 жыл. «Мейірімділік», «Келісім түбі-жарастық», «Адал достық» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.

         Онкүндіктің қорытындысына байланысты оқушылар «Мақтау қағаздарымен» марапатталды.

 

Өткізген: Бактыбаева А.Ж


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь