«Өзін-өзі тану»
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы салтанатты жиыннан басталды.
«Мейірім төгетін Ана» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында
С.А. Назарбаеваның өмірбаяны туралы, «Өзін-өзі тану» оқулықтарының мазмұнымен оқушыларды таныстырды.
Өткізген мектеп кітапханашысы:Шарипова Қ.Н
Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы, «табиғат», «жер», «ауа», «топырақ» туралы түсініктерін кеңейту мақсатында 7 «Ә»сынып оқушыларымен «Құдіретті Жер-Ана» тақырыбында ашық сабақ өтті. Өткізген өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Жаркинова З.А
«Жүрегім толы мейірім» атты акциясы және сынып сағаттары өтті.Жауапты өзін-өзі тану мұғалімі: Кажгумарова А.Ж, сынып жетекшілер.
«Мейрімді жүрек, жомарт қол» атты қамқорлық акциясы өтті. Бұл күні мектеп оқушыларына мейірімділік дастарханы әзірленді.
Жауапты бастауыш сынып мұғалімі: Даукенова А.Р
Оқушыларға көпшілдік пен өзімшілдік,батылдық пен өжеттік ұғымдары туралы түсінік бере отырып дұрыс әрекет құндылығын мәнін ашу мақсатында 4 «А», «Ә» сыныптарында«Өзімшілдік пен көпшілдік», «Батылдық пен өжеттік»тақырыбында ашық сабақ өтті.
Өткізген бастауыш сынып мұғалімдері: Даукенова А.Р, Каиржанова Т.Ж.
Оқушылардың адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту мақсатында «Мен және табиғат», «Менің қолымнан бәрі де келеді» тақырыптарында сурет, бұйымдар көрмесі өтті.
Ұйымдастырған технология пәнінің мұғалімі Абильмажинова Ж.Т
«Жүректен жүрекке» азқамтамассыздандырылған отбастарына көмек акциясы өтті.
Жауапты мұғалімдер: Даукенова А.Р, Кажгумарова А.Ж
Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімдерін көтеруге көмектесу мақсатында «Менімен сырласшы, аяулы анам....» атты ата-аналар конференциясы өтті.
Өткізген мектеп психологі:Габдуллина А.С.
Мерекелік он күндік салтанатының жабылуында өлеңдер мен әндер орындалды.Осы онкүндікте белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бірлестік жетекшісі: А.Р.Даукенова
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер