2017 жылы 2 наурызда «Қазақстан Республикасы – 2015 Кәсіптік және техникалық білімнің Үздік педагогы» Технология пәнінінің оқытушысы Мусина Гауһар Қапарқызы киізден бұйымдар жасау бойынша Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогика колледжінде шебер-класс өткізді.
Бұл шара колледждің 60 жылдығына, 8 наурыз Халықаралық әйелдер және Алғыс айту күніне арналды.
Шебер-класқа еңбек ардагерлері, №16 қалалық мұғалімдері, Борки кентінің тұрғындары және колледж студеннтері мен оқытушылары қатысты.
Шараның мақсаты ұлттық қолөнер бұйымының тарихына үңілу, киізбен жұмыс жасаудың қыр-сырына үңілу болып табылады.
Студент Золотарева Алена жүнді басу техникасын оның кейбір түрлерін көрсетуден бастады.
Шебер-кластың ең қызықтысы қонақтарды жүнді қалай басу түрі тамсандырды.
Мерекелік сабақ қатысушыларды педагог Г.Қ. Мусинаның жүннен жұмыс жасау технологиясын демонстрациялануы және түсіндіруі қызықтыра түсті.
Талшылықтан жасалған бірінші бұйым – қонақтардың өз қолдарымен жасаған гүл тәрізді брошь есте сақтайтын және тамаша сыйлық болды.
Іс шара колледждің талантты студенттерінің орындауында музыкалық әндерімен аяқталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау