04.03.17 күні №2 Ленинград орта мектебінде “Аяулы анашым” атты, 1-ші сыныптар арасында шағын концерт өткізілді. Мектеп оқушылары , наурыз мерекесіне орай, аяулы аналары мен құрметті ұстаздарын құттықтады. Би билеп, ән шырқаған оқушылар қонақтарға көктем көңілін сыйлады. Бірінші рет мектеп табалдырығын аттаған 1-ші сынып оқушылары, кішкентай болғанымен бар күш-жігерлерін аямай, сахна төрінде өз өнерлерін паш етті. Мұғалімдер мен аналар балалардан 8 наурызға арналып жасалған сыйлықтарын қолдарына алды. Осылайша, жарқын көңіл күйге толы мереке жақсы аяқталды.
Мектеп тілшісі: Еренгайпова Мадина
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау