Қаңтардың 2-күні №2 Ленинград орта мектебінде 6 сынып оқушыларында «Ана-өмірдің гүлі» атты сыныптан тыс іс-шараны өткізілген болатын. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларға ұлтқа тән жақсы қасиеттерді білуге, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін, бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту, 8 - наурыз мерекесі туралы түсінік беру болатын. «Жігітке жеті өнер де аз » демекші ұлдар өздерінің көптеген өнерлерімен ерекшеленіп 6 сынып қыздарына мерекелік көңіл күйді сыйлады. Барша балаға мейірімділік пен махаббат сыйлаған бұл іс-шара олардың жүректерінде болашаққа деген сенімділік пен күш-жігер ұялатты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау