Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің оңкүндігі аясында 17 ақпан күні «Сөз асылын іздесең...» тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сыздықова Назира Боркенқызы жеті жұлдыз сайысын өткізді.

Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің оңкүндігі аясында 17 ақпан күні «Сөз асылын іздесең...» тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сыздықова Назира Боркенқызы жеті жұлдыз сайысын өткізді.Сайысқа 11-8 –сынып оқушылары қатысты. Сайыс ІХ бөлімнен тұрды.

 І бөлім

Бүгінгі күн сайыста,

Сен ешкімнен қалыспа.

Біліміңді көрсетер,

Сұрақтарға жауап бер.Үміткерлер Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді.ІІ бөлім. Әдебиет саласы бойынша үміткерлер Абайдың өлеңдерінен қалағанын жатқа оқыды. ІІІ бөлім «Салтыңды білгің келсе, халқыңнан сұра» дегендей , келесі  бөлімде салт-дәстүр бойынша  сұрақтарға жауап берді. ІҮ бөлім «Мақал- сөздің мәйегі» Отан, білім, туған жер, достық , жанұяға байланысты мақал айтты.Ү бөлім «Бәйге» сайысында оқушылар мұғалім  берген сұрақтарға жауап берді.ҮІ бөлім.Абайдың қарасөздерінен  үзінді оқылды, қай қарасөзінен үзінді екенін оқушылар қатесіз тапты. ҮІІ бөлім. Ұлы Абай Құнанбаев жайында жазған зиялы адамдардың пікірлері оқылды,қай зиялы адамның жазған пікірі екенін табу керек болатын, оқушылар бірден жауап берді. ҮІІІ бөлім.Абай өлеңдерін, нақыл сөздерін қаншалықты білеміз?Абайдың өлеңдерін оқып, нақыл сөздерін тауып, өз ойларын айтты. ІХ бөлім. Өз ойыңызбен бөлісіңіз!


1.Абайды қазақстандықтардың қанша пайызы біледі деп ойлайсыз?

  1. Абай қандай адам болған екен?
  2. Шығармалары неше тілге аударылған деп ойлайсыз?
  3. Сізге ақынның шығармашылығы ұнай ма? Атаңыз:
  4. Абай өлеңдері мен әндерін «Реп», «Рок», «Хип-хоп», «Джаз», т.б. ағымдарда тыңдауға қалай қарайсыз?
  5. Жастар Абайды қызығып оқи ма?
  6. Оларға қандай шығармаларын білу керек? Сайысқа жеті оқушы қатысқан болатын. Әрқайсы өздері сұрақ таңдап, сұрақтарына толық, нақты жауап берді. Сайыс өте қызықты, жақсы өтті.Себебі оқушылар Абай Құнанбайұлының еңбектерін өте жақсы білетіндерін және еңбектерін сүйіп оқитындарын осы сайыста дәлелдей білді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь