Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Заман талабына сай жаңаша көзқарас. Мектеп директоры: К. Хамзина.


Мектеп директоры: К. Хамзина.
Заман талабына сай жаңаша көзқарас
 
«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».
Н.Ә.Назарбаев
 
          Заман талабына сай бүгінгі ақпараттық қоғамда жақсы өмір сүру үшін жас ұрпақты білім нәрімен сусындату үшін ,қазіргі уақытта ұстаздарға артылып отырған жүк  жеңіл емес. Бүгінгі күннің білім беру саласы өзгеріс пен дамудың жаңа, ерекше сатысына аяқ басып отыр. Осы орайда «ХХІ ғасырда оқушыларды өмір сүруге қалай даярлау керек?» деген сұрақ барлық ұстаздар қауымын мазалайтыны айдан анық.Әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамыған уақытында ,оған ілесе алатындай білімді де тапқыр тұлғаға дұрыс бағдар беріп білімді етіп шығару мұғалімнің қолында. Білім ордасын  алға жылжыту мақсатында  мектеп өз басымдылығын дұрыс айқындап, нақты етіп алғанда ғана іске асыруға міндеттер алуы тиіс.Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізуіне байланысты бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесінің халықаралық талаптарына сай дамыту міндеті тұр.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады»,деген сөзін әр ұстаз әрдайым жадында ұстауға міндетті.
Мектебіміз сонау 1991 жылдары іргесі қаланып 1992 жылдың қыркүйек айында 11 жылдық білім ошағы болып пайдалануға берілді.Содан бері Тәуелсіздік таңымен бірге өркендеп,қанатын кең жайып келе жатқан мектептен талай түлектеріміз қанат қағып,бүгіндері еліміздің түпкір-түпкірінде мемлекетіміздің өркендеп өсуіне өз үлестерін қосып жүр.Алғашқы ашылған кездері мектепте 40 жылға таман еңбек өтілдері бар ұлағатты ұстаздар еңбек етті.Олар бастауыш сынып мұғалімі қазір зейнеткер Махамбетова Сәуле Қайыржанқызы, биология пәнінің мұғалімі Байгужин Мұқанай Тастемірұлы, қазақ тілі,әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мураталиева Сәуле Самамбетқызы,бүгіндері арамызда жоқ тәжірибелі ұстаз орыс тілі,әдебиетінің маманы Жараспаева Гүлсім Әбенқызы сынды мұғалімдер дәріс берді.Әрине бүгінгі заман талабына сай еліміздің жаһандану,ғаламдану үрдісіне бет бұрған кезінде мұғалімдер қатары жаңашыл мұғалімдермен толықтырылуда.Қазіргі таңда мұғалімдердің жаттанды әдіс тәсілдерінен басқа тың идеялар қажеттілігі мойындалды.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,дегендей білім мен тәрбие беру жолында ұжымның ынтымақтастығы , татулығы , жұмыла жұмыс істеуі негізгі қағидаттардың бірі.Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар мұғалімнің демократиялық-ынтымақтастық атмосферасында оқытуды қамтамасыз етуіне бағытталуы тиіс.Үштік одақ арасында сенімді серіктестік орнату мақсатында ата-аналармен кездесулер өткізіп олардың қажеттілігін қанағаттандыру да бүгінгі мектептің еншісінде.Осы орайда қазіргі таңда мектебімізде бүлдіршіндерді оқытып тәрбиелейтін мектеп жанынан ашылған «Балдәурен» шағын орталығында  мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруде тәжірибелі тәрбиешілер жұмыс істейді. Онда 14 бүлдіршін тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі тәрбие беруде даярлық тобы тәрбиешісі Шибітова Күләйрә Болатқызы тәрбиеленушілерін түрлі байқауларға қатыстырып марапаттаулар алып жүр.Сонымен қатар деңгейлік курсты аяқтап оқушыларды оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін тәжірибелерінде қолданып әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісіп жүрген ұстаздарымыз да бар.Олар үшінші деңгей бағдарламасын меңгерген  бастауыш сынып мұғалімдері Абдрахманова Айгүл Қатияқызы,Амірғалиева Жанар Өтегенқызы,Махамбетова Сандуғаш Советқызы сынды ұстаздар. Мектебіміздің оқу істері жөніндегі орынбасарым Досманова Аманкүл Исабекққызы «Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсын аяқтап бүгінгі таңда мұғалімдерді жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін үйретіп тәжірибе бөлісуде.Химия,биология пәндерінің мұғалімі тәрбие істері жөніндегі орынбасарым Суралина Теңдік Қайырбекқызы үшінші базалық деңгейді меңгерген ұстаз. Жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қатарына курсқа баруға ниет білдіріп жүрген жас ұстаздар Досанбаева Ақмарал Құдабайқызы, Каепов Ауез Махамбетұлы,Суралин Балғат Еркешұлы,Байгужина Гүлнұр Мұқанайқызы сабақтарын түрлендіріп жаңа әдіс-тәсілдерді әріптестерінен үйреніп  ӘР сабақты түрлендіріп өткізеді.Жас буын өкілдерімен қатар бір мектепте 35 жыл еңбек етіп бүгінгі таңда зейнеткерлік жасқа жетсе де саналы да сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген аға буын өкілдерінің бірі Белгібаева Жанбота Қаратайқызының еңбегі ерекше.Өткен оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша мектебіміз аудан көлемінде бірінші орынды иеленіп орташа көрсеткш 97,75 ұпайды көрсетті.Спорттық жарыстардан,пән олимпиадаларынан аудандық,облыстық жеңімпаздарымыз да жоқ емес.Спорт ойындарын жетілдіріп оқушыларды волейбол,баскетбол ойындарына қатыстырып аудан,облыс көлемінде жүлделі орындарға шығарып жүрген дене шынықтыру пәнәнің мұғалімі Кажибаев Әділхан Кажкенұлы оқушылар арасында зор құрметке ие.Мектебімізде заманауи химия, физика кабинеттері бар.Спортзал,асхана,жазғы спорт алаңы жабдықталған. Компютерлер ғаламтор желісіне қосылған.Оқушыларымыз сабақтан бос уақыттарында шахмат,домбыра,қолөнер,би үйірмелеріне қатысады.Қорыта айтқанда «Адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына көрінуде білімді ұрпақ тәрбиелеуде алар асуларымыз әлі алда.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь