Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Тәуелсіз Қазақстанның әйгілі, абзал нәзік әйелдері»

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты Семиполка орта мектебінің 2-4 сынып оқушыларымен «Тәуелсіз Қазақстанның әйгілі, абзал нәзік жандары» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатында Тәуелсіз Мемлекетіміздің негізін салған, халқымызға ерен еңбектері сіңген халық мақтаныштары абзал, нәзік жандары: Роза Рымбаева, Макпал Жүнісова, Бибігүл Төлегенова, Хадиша Букеева,Күләш Байсейтова сияқты өнер адамдары, еліміздің бірінші ханымы, саясаткер, «Бөбек »қорының негізін қалаған Сара Алпысқызы Назарбаева, Ерлермен бірге ер болып, әлемдік олимпиадаларда  ел намысын қорғап жүрген спортшы қыздарымыз Әлия Юсупова, Ольга Рыпакова, Ольга Шышигина, Елена Хрусталева, Назым Қызайбай, әлемдік шахматшы атанған Назым Абдумалик сияқты аруларымыз туралы айтылды. Оқушылар осынау нәзік жандардың қайсарлығы, қайраттығы жайында мағлұмат алды. Ұлы Отан соғысына қатысқан қаһарман қыздарымыздың ерлігімен қатар Тәуелсіз еліміздің қаһарман қыздарын жас ұрпаққа жеткізу, келешектеріне ой салу – осы сынып сағатында жүзеге асты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь