Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

8 наурыз мерекесі

                                           8 наурыз мерекесі
Халықаралық 8-наурыз мерекесін өткізу «Қызылту орта мектебі» КММ-нде 02.03-06.03 аралығында «Көктем жылуы» атты көктемгі көңіл күй, мерекелік ахуал туғызу мақсатында мектептегі барлық нәзік жандылар үшін апталық өткіздік. 03.03 күні «Ең үздік шаш үлгісі» номинациясында Бабий Ангела ұтты. Аталмыш күні еңбек ардагерлері, тың игерушілер мен зейнеткерлерге Тимур қозғалысынан көмек көрсетілді. 04.03 күні «Ең үздік киім үлгісі» номинациясында Махатаева Аделина жеңіске жетті. 6-сынып оқушылары аналарын құттықтап, сыныптан тыс шара өткізді. 06.03 күні «Жүректен шыққан тілек» атты қабырға газетін қорғау күні болып өткізілді. Сол күні 8 сынып оқушылары ата-аналарын шақыртып, аналарың мейрамымен құттықтады. Сол күні «А ну-ка, девушки» сайысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 адамнан тұрған 3 топ («Сұлу қыздар», «Жұлдыздар», «Арулар») болды. Жеңіске «Сұлу қыздар» тобы қол жеткізді. Өткізілген шараның мақсаты қыздардың үй шаруасына икемділігін арттыру болып табылады. 7 наурыз күні мектептің акт залында мерекелік іс-шара болды. Шақырту билеттері таратылып, ауыл тұрғындары қатысты. Мерекелік іс шара Амангелді Данагүлдің «Аяулы ана» атты әнімен бастау алып, құттықтау сөзі Ленинград селолық округінің маманы С. У. Кибатоваға берілді. Мерекелік концертте сахналық қойылымдар мен түрлі ойындар өткізілді. Ер балалардың атынан тосын сый ретінде флешмоб болды.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь