Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

1-наурыз Алғыс айту күні.

«Шал ақын ауданының Еңбек бастауыш мектебі» КММ

   

Мектебімізде «Алғысым шексіз» тақырыбында алғыс айту күні аталып өтті. ;Аталмыш шараға мектеп оқушылары ,ата аналар және мектеп ұжымы қатысты..Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;  үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

 

Шаттық шеңберге тұрғызу

    Қол ұстасып тұрайық,

    Үлкен шеңбер құрайық.

    Жаңа шыққан бұл күнге

    Иіліп сәлем жасайық.

    Үлкенге де «Сіз»,

    Кішіге де «Сіз».

    Бар адамға құрметпен  Бас иеміз біз.

Балалармен әңгімелесу, сұрақ-жауап.
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.


Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
-Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.
- Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?
-Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.

Ата-аналар мен оқушыларды бір қатарға сап түзеп тұрғызу.

Тапсырма орындау:

«Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз. Мүмкіндігінше, әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек. Бірінші тапсырма: мүмкіндігінше бой өлшемі бойынша сап түзеуіміз керек. Яғни, менің қасымда арамыздағы ең бойшаңымыз тұрса, қатар соңында шаршы бойлымыз сап түзеуі керек. Бастадық».

         Топ жаттығуды аяқтағаннан кейін, жаттықтырушы қатар бойымен тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер тапсырма екі топта орындалса, оларға бір-бірінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын тексеруді ұсынуға болады.

         «Екінші тапсырма: менің қасымда арамыздағы шашының түсі ең қою адам, ал саптың соңында шашының түсі  ең ашық адам тұруі керек».

         Біздің топтың тәжірибесінде, жоғарыда аталған  екі тапсырмамен қатар, төмендегідей тапсырмаларды да пайдаландық:

Саптың басында арамыздағы көзі ең қою түсті адам, ал, саптың соңында көзі ашық түсті адам тұруы керек;

Саптың басында – 1 қатар, соңында – 31 желтоқсан.

Тұған күндері (жылын есептемей) бойынша орналасуы керек.

         Аталмыш жаттығудың тиімділігі сан алуан. Топ мүшелерінің көңіл-күйлері көтеріледі, іс-әрекетінде еркіндік арта түседі, қарым-қатынастағы алшақтық азая түседі.

  Ойын:«Мақтаншақтар сайысы»

 
Балалардың  алғысы:

мың алғыс ата-бабама                                    мың алғыс ата-әжеме

жарық күн үшін қан төккен                               аманатын ап жеткен

                                                                  

мың алғыс ұстаз анаға                            көтерген қиын күнімді

тойызған бізді білімге                             мың алғыс туған еліме                  

 Ұжыммен ойын: «Маған сенде не ұнайды?»

Шеңбер бойымен отырып, қолдарына қағаз алады да, төменгі жағына аты-жөнін жазады. Қағаз сол жағындағы көршісіне беріледі. Көршісі қағаз иесінде не үнайтындығын жоғары жағына жазады. Қағаз бүктеледі де, келесі адамға беріледі. Әр адам жақсы қасиеттерді жазьш, бүктеп шеңбер бойымен жібереді. Қағаз иесіне келеді, ол басқалар оның бойындағы қандай қасиеттерді бағалайтындығын көреді.

 Қорытынды дәйексөз:

-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады.
Ата-аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері
                                                

                 флешмоб

                                                                            


 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь