Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Қайырымдылық – жылы жүректен»

 Демеушілік жасаған мұғалімдерге, ұжым мүшелеріне мектеп әкімшілігі атынан, ата-аналар комитеті атынан алғыстар айтылды Бестерек орта мектебі «Қайырымдылық – жылы жүректен» 2016 жылдың 10 қаңтарынан 10 ақпан аралығында Бестерек орта мектебінде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. Айлықта өтетін іс-шаралар жоспарланып, бұйрықпен таныстырылды. 23 мұғалім 17 көшеге бекітіліп, 400 үй аралап шықты. Жаңа туған бала мен «Балбөбек» шағын орталығына келетін оқушылар және мектепке баратын оқушылар тізімі анықталып, дәптерлері толтырылып, ауыл әкімімен бекітіліп, 0-18 жасқа дейінгі балалар тізімі аудандық білім беру бөліміне тапсырылды. Мектептен тыс қалған бала болған жоқ. Оқушылардың сабаққа қатысуын күнделікті сынып жетекшілермен бірге қадағалап отырылады. Келмеген оқушылардың үйлеріне барып, ата-аналарымен сөйлесіп себептері анықталды. Акция кезінде «Сенің көмегің балаларға тірек!» атты штаб құрылып, буклет шығарылды. 1-11 сынып аралығында «Жақсылық жасай білейік...» тақырыбында сынып сағатын өткізді. «Қайырымдылық - жылы жүректен» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 12 балаға 63200 теңгеге сыйлықтар берілді. Акцияға демеушілік жасаған мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне балалар мен ата-аналар атынанан алғысымызды білдіреміз.
                                                                          Жауапты:Бестерек орта мектебінің әлеуметтік педагогі Г.М.Абдирахманова

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь