Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі.

"Анаға қарап қыз өсер"
(8 наурыз мерекесінің сценарийі)

(«Екі жұлдыз» әні)

1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!

Жүргізуші -1

 «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:

«Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған сияқты.

Қаз - қатар өскен тату бақ,

Ойланып қалған сияқты».

 

Жүргізуші -2

«Көзіңнен күлкі үйірілген

Айналдым кірпігіңнен

Бір ұшқын шарпып өтті,

Сөйтті де ғашық етті!» - деген ән жолдарын бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Екі жұлдыз – аналар мен балалар» тақырыбында өтетін мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!

Жүргізуші - 1

Ал енді жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе? Ондай болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:

Жүргізуші -2

Ал енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырайық.

Ал, жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік тілейміз. Сіздер сахнаға шығуға дайындалғанша, бағдарламамыздың ашылу құрметіне 8-сыныптың орындауындағы «Ханшайымым» әнін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші -1

Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз жұптарымызды ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші -2

Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген, айдай ажары бар ару жұптарды құт болған қошеметпен ортаға шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар! Рахмет!

Сонымен, бірінші жұбымыз: 5-сынып оқушысы Сарсенбиева Баянсұлу және анасы Молдахметова Гүлім.

 

Жүргізуші -1

Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымыз: 6-сынып оқушысы Бекет Нұргелді және анасы Құсбекова Аққу

 

Жүргізуші -2

Құрметті көрермендер, қадірменді қонақтар, қошемет көрсетіп, қол соғып отырсаңыздар. Талай күнгі кештерін сарп еткен, еңбектерін көрсеткелі тұрған келесі тағы бір өнерпаз жұбымыз: 7-сынып оқушысы Арбагулова Аружан және әжесі Арбагулова Айман.

Жүргізуші -1

Қазақ қонақ келсе төрге,

Әнші келсе өрге,

Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі жұбымызды қошеметпен ортаға шақырайық. 8-сынып оқушысы Хакимова Эльвира және анасы Мухамеджанова Гүлназ.

 

Жүргізуші -2

Өнерпаз боп ән айтқан,

Ән айтқанда, таңға айтқан,

Таңға айтқанда, жанды айтқан – демекші, жанды дауысты келесі жұпты қарсы алыңыздар: 9-сынып оқушысы Жасланова Аяулым және анасы Кішкентаева Қаршыға.

 

Жүргізуші -1

Мінекей біз барлық жұптармен таныс болдық. Алдымызда гүлдей жайнап, шуақ шашып тұрған әсем де, көрікті жұптарды тағы бір қошеметтеп қояйық.

Жүргізуші -2

Іздесек сендей жанды табамыз ба,

Қартайсақ сәби дей ғып бағамыз да.

Серік боп өмір бойы анамызға

Күлімдеп жүрші әкешім арамызда. –дей келе, аналырымыздың өмірлік серігі болып отырған әкерерімізді де бір қошеметтеп кетейк. Алдарыңызда 5-сыныптың орындауында «Әке-ана» әні.

 

Жүргізуші -1

Арманнан адам арылмас,

Аңса да асып арындап

Ақшақар қыз ақ қардай

Тұрады лебі жалындап – демекші, арманның ақ құсына мінген, екеуі жұп болып жарасып тұрған, біреуі Гүлстандағы гүлдей, енді біреуі ақ сұңқарға мінгей өнерпаз жұлдыздарымыз Сарсенбиева Баянсұлу мен анасы Гүлім тәтеміздің орындауындағы «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.

7,9-сынып – «Флэшмоб»

6-сынып – көрініс «Отбасындағы жағдай(3 баласы мен анасы)»

Жүргізуші -2

Мына киелі сахнаның орны бөлек. Мұнда кез – келген адам шыға бермейді. Тек «ұялмаған әнші болады» дегендей, халық алдына шыққанда ұялмайтын, арқасын кеңге сала білетін, өнерден хабары бар, талантты, әрі өнерпаз адамдар ғана шығады. Сондай талантты жұптарымыздың бірі:

Бекет Нұргелді және анасы Аққу тәте.

5-сынып «Кездесу»

8-сынып «Пародия»

Жүргізуші -1

Әнмен маржан өретін

Өнерін халқым көретін,

Жұптасып бізге ән айтып беретін, келесі дарынды жұбымыз:

Арбагулова Аружан және Айман тәте.

9-сынып  - қойылым «Экстрасенс»

8-сынып «Флэшмоб»

Жүргізуші -2

Рахмет! Көрермендер ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсетіп отырайық. Ал, келесі жұбымыз «Екі жұлдыз» деп көптен егіліп жүрген жұбымыз: Хакимова Эльвира және анасы Мухамеджанова Гүлназ тәте.

9-сынып - «миниятюралар»

5-сынып – «Асыл анам»

Жүргізуші -1

............................, осы өнер көрсеткен жұптарымыздың қайысы саған ұнады және неліктен?

 

Жүргізуші -2

Ой,.........................., маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып, дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығы да жақсы айтты деп ойлаймын.

Жүргізуші -1

Рас айтасың, бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болады. Ондай болса, осымен 1-ші бөлім аяқталды деп жариялап және қазылар алқасының бір ауыз сөзін тыңдайық  (Қазылар алқасы өз пікірлерін айтады)

Жүргізуші -2

Қазылар алқасы, пікірлеріңізге үлкен рахмет! Сіздердің сөздеріңіз жұптарға күш береді деп үміттеміз. Енді жұптар екінші бөлімге дайындық жасағанша, тағы сіздердің құрметтеріңізге арнап келесі сазды әуенімізді қабыл алыңыздар.

5,6-сынып - «Аяулы ана» әні

8-сынып –қойылым «көршінің қызы»

Жүргізуші -1

Осыдан екінші бөлімімізді бастайық. Жұптарды кезекпен ортаға шақыру.

«Әуенді тап ойыны»

8-сынып – «Қыз деген ана»

«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.

  1. «Ең үздік дауыс»
  2. «Жарасымды жұп»
  3. Комедиялық жұп
  4. Лирикалық жұп
  5. Талантты жұп
  6. Биші жұп
  7. Ең әдемі жұп

 

Жүргізуші -2

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе барлығымызды келе жатқан мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтап, қоштасамыз.

 

Жүргізуші -1

Осымен, көктем мерекесі алдында өткізіліп отырған «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтап, көк аспанның төрінде жарқырап тұрар тілек айтып, алдағы көктем мейрамымен құттықтай келе «Ана» өлеңімен аяқтағым келіп отыр.

 

Ана

Өмірге ана – бұлақ,

ана пана.

Өмірді өркендетер ана ғана,

Тудырған талай көсем, талай шешен,

Талай ер,

Талай ақын,

Талай дана.

Келтірмес адамзатқа еш жаманат,

Өзгег көрсетері - тек шапағат,

Ананың жүрегінен орын алған:

Ізгілік,

Мейірбандық

Һәм махаббат.

Ана!

Ол - біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы – Отанды да

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь