Үстіміздегі жылдың 18 қаңтар күні «Жас Отан» ЖҚ және Алматы облыстық жастар саясаты орталығымен бірігіп Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледжінің стадион алаңында қысқы спорт түрінің шаңғы тебуден жарыс өткізген болатын.
Жарыстың негізгі мақсаты спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын, спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттырып, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға, теріс әдеттерден аулақ болуға шақыру, облыс көлемінде жастардың спортқа деген қызығушылық деңгейін кеңінен дамыту болып табылды.
Жарысқа қаланың жалпы білім беретін орта оқу орындарының 8-10 сынып оқушылары қатысты. Сайысқа 13 команда қатысуға өтініштерін білдірді.
Шаңғы жарысы командалық ойын түрінде өтті. Жарысқа қыздар және ұлдар командасы қатысты. Оқушы жастар даланың суықтығына қарамастан өздерінің спортқа деген белсенділіктер көрсете білді. Мәреге дейінгі аралық қыздар командасына 1 шақырым, ал ұлдар командасына 2 шақырым деп белгіленді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау