Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі

"Аналар - асыл жандар"
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер ұстаз-аналар менәжелерді, аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

 Көрнекілігі: видео-ролик, плакаттар, шарлар

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты да аяулы аналар,ақ жаулықты әжелер,жүзі жарқын жеңгелер, қызғалдақтай қырмызы қыздар ! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

 Ана деген тіршіліктің тірегі,

 Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті де аяулы аналар,әжелер, қыздар!8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын.Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

 Сіздерден өскен балалар Батырлар мен даналар.

 Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Амангельдина Г.М беріледі.

Жүр: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші., Олай 3-4 сынып бақытты бүлдіршіндеріңіздің  шағын қойылымын  қабыл алыңыздар.

Жүр:Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған Шолпан мен Еркеназдың «Аяулы ана»атты  әсем әнін қабыл алыңыздар.                   

ЖҮР: Десек те уақытпен жарыспайды, Қиялға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Жырларын аналарға арнайды.

Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (1-2-сынып оқушыларының жыр шашуымен ортаға шақырамыз)

Жүргізуші: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге

үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

 Қалайша аяулы ана тына алармын,

 Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Тастемирова Маржангүилдің орындауындағы

 «Сәби бахыты» атты әнін қабыл алыңыздар.

Хор: « Анашым»

Жүр: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде

-дей отырып келесі кезекті Шолпан мен Аиданың «Саржайлау» биіне береміз.

Жүр:8-9 сынып қыздарының орындауында «Анашым»әні

Жүр: Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

1-қойылым:

Ән: «Анашым» орындайтын 5-сынып қыздары

3-4 сынып қыздарының «Хатуба» биімен ортаға шақырамыз

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым, -деп ақындарымыз жырлағандай ортада

Шолпан мен Замзагүлдің орындауында «Ана, әже» өлеңін қабыл алыңыздар

8-9 сынып  қыздарын  өз билерімен ортаға шақырамыз:

2-қойылым:

Жүр:Ділнәздың орындауында «Анашым» әні

Жүр: ЖҮР:Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!(барлығы) Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Жүр:Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда

 5-6 сынып биші қыздарының  қазақша биін қабыл алыңыздар

Жүр: Гүлнар Мансүрқызы мен Маржангүл Еркебұланқызының орындауында «Асыл ана» әні

Хор:

 Құттықтау сөз тәрбие ісінің меңгерушісі  Абишева Махаббат Саматқызына беріледі.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам. Сонда біз кісілікке теңесеміз. Құрметті қонақтар ,біздің «Аналар- асыл жандар» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

 Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь