Сабақтың тақырыбы: Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.Табиғатта таралуы. Қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
аллотропия туралы түсінік бере отырып, озонның құрамы мен құрлысы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері жөнінде мағлұмат беру;
Дамытушылық:
-оқушылардың таным қызығушылығы мен интеллектуальдық қабілеттерін ескере отырып, өз бетімен білім алуына дағдыландыру;
Тәрбиелік:
-озон қабатының ластануының негізгі көздеріне, бүлінуден қорғау жолдарына көңіл бөле отырып, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару
Үй тапсырмасы:
1) Физикалық қасиеттерін жазыңдар.
2) Оттектің алыну реакциясын жазыңдар
Н 2О→
KMnO4 →
НgO →
3) MnO2, MnO3, Cr2O3, CrO3
2)Теңдеуді аяқтап, оны теңестіріңдер.
1 топ P + O2 =
2 топ С+О2=
3)Оттектің адам өміріндегі маңызын түсіндіріңдер.
4) Сөзжұмбақ шешу
Жаңа сабақ:
Құрлысы, құрамы Табиғатта кездесуі, алынуы
ОЗОН
Қасиеттері Қолданылуы
Озонды 1785 жылы голландия физигі Ван Марум ашқан.Атмосферадағы мөлшері өте аз - 4%.Физикалық қасиеттері
ОЗОН – ол көкшілдеу түсті, өзіне тән ерекше иісі бар ( грекше «озо» – иісті) газ. Суда аз ериді, қайнау -112 0С, балқу температурасы -193 0С. Оттек газынан 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар. Бөлме ауасындағы бактерияны жояды. Озон электр зарядтарының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда тотыққан кезде пайда болады. Сонымен бірге, электр машиналары және кварц лампалар жұмыс істеп тұрғанда, суды электр тогымен айырғанда озонға тән электр иісі сезіледі. Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтіктің ортасынан екінші сым өтеді. Жоғары кернеулі ток алу үшін түтік арқылы аздап оттек газын жіберіп, сымдардың ұшын индукциялық
катушкалардың полюстеріне жалғайды. Түтік ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде оттек газы озонға айналады.
2О2 у.к.с, эл.зар.→ 2О3
Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы аллотропия деп аталады.
Химиялық қасиеттері
O3 + 2KI + H2O = O2 ↑ + I2 ↓ +2KOH
6Ag + O3 = 3Ag2O
Озон қолданылуы: Ауа мен ауыз суды озондау,өндірістің ағын суларын зарарсыздандыру, медицинада, зымыран отынын тотықтыру.
Проблеманы тұжырымдау.
Озон қабатының пайда болуыКәдімгі екі атомды оттектен озон пайда болуы үшін үлкен энегия қажет Өте қуатты күн көзінен тарайтын ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оттек молекуласының атомдары ыдырайды. Осы үздіксіз өнімнің әсерінен тұрақты озон қабаты пайда болады.
Озон концентрациясының азаюынан болатын жағдайлар:
Адамдар мен жануарлар арасында терінің онкологиялық ауруларының саны артады.Иммундық жүйе қысымының арту саны көбейеді. Жер бетіндегі өсімдіктердің өсу қарқыны бәсеңдейді. Өсімдік тағамдарының санының кемуінен мұхит су асты жануарларының өлімі басталады.
Озонның жоғалуы
О3 + O =2O2
O3 +NO = NO2 +O0
O3 +Cl = O2 +ClO0
ClO0 +O0 =Cl0 +O
Қорытынды
Оттек-О2 газы тыныс алуға, ағзаның тіршілік етуіне жағдай жасайды.
Озон-О3 газы өсімдіктерді, тірі ағзаны ультракүлгін сәуленің күйдіруінен сақтайды.
Сабақтың бекіту сұрақтары:
Блиц-сұрақтар
Озон қашан ашылды ?
Озон оттек газынан қанша есе ауыр?
Озон молекуласында қанша оттек атомы бар ?
Аллотропия дегеніміз не?
Озонның түсі қандай ?
Озонның массасы нешеге тең?
Зертханада озон алатын құрал қалай аталады?
Озон қандай металдарды тотықтырады?
Озонды қайда қолдануға болады ?
Озон концентрациясының азаюынан болатын
жағдайлар?
Дидактикалық тапсырма
1 тапсырма:
О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр
2 тапсырма:
96г озонның зат мөлшерін есептеңдер.
Үйге тапсырма:
&25 №5Жаңалықты мекеменің сайтында қарау