Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Наурыз мейрамы

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Наурыз мейрамы тойлануда

 


Залға енген мектеп оқушыларын музей қызметкерлері шашу шашып қарсы алды.



Кейін, ұл-қыздар алаша үстіне қаз-қатар жайғасты. Олар ұлтымыздың көне салт-дәстүрі туралы әңгімені ұйып тыңдады. Мұражай қызметкері Ғалия Балтабаева жиналғандарға "Аластау" ырымын түсіндірді. Жастарға мұның бәрі қызықты. Ал, Наурыз көжеге қосылатын 7 түрлі дәмді тізбектелгенде балалар да өз білгендерін айтуға асықты.

Жансұлу Бекенова - Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

 

- Мұндай жиындардың жастар үшін тәрбиелік мәні зор. Олар тарихымызбен танысып, салт-дәстүрімізді біле алады.

Мұнымен мерекелік бағдарлама аяқталған жоқ. Бұл жерде тағы ұл-қыздар ыстық бауырсақтан да ауыз тиді. Кейін, балғындардың көңілдерін Алдар көсе көтермек. Оқушылар "Теңге ілу", "Қыз қуу" сынды ұлттық ойындарда бақтарын сынады.

Музейдегі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара оқушылардың көңілдерінен шыққан сыңайлы.

Ажар Мұқышева - №1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернаттың оқушысы:

- Маған бүгінгі күні өте ұнады. Достарыммен ойнап, күлдім.

Бұдан соң, ортаға Қыдыр ата шықты. Ол алақан жайған жастарға бата берді.

Шара соңында ұл-қыздар қолдарындағы шүберектерін "Арман ағашқа" байлап тарысты. Жалпы, облыстық тарихи-өлкетану музейіне наурыз айының 18-і күніне дейін 50-ге жуық топ келіп, мерекелік кешке қатыспақ.

Подробнее: http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/qogam/20211-o-prazdnike-nauryz-shkolnikam-rasskazyvayut-v-oblastnom-muzee.html
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.mtrk.kz


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь