Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

2017 жылы 6 сәуір күні Қазақ мектеп-гимназиясында білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесу өткізілді.

   Қатысқандар: жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы республикалық олимпиадалардың женімпаздары мен жүлдегерлері, мұғалімдер, ата-аналар, облыстық білім басқармасының және білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы және қалалық білім бөлімінің қызметкерлері.

   Кездесуді білім басқармасының білім мазмұны мен сапасы жөніндегі жұмыс бөлімінің басшысы В.А. Черных жүргізді.   

   Өз сөзінде жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. Облысымыздың намысын 64 оқушы қорғап жалпы екі олимпиададан 14 медаль, оның ішінде 6-ы күміс, 8-қола медаль және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 8-құрмет граматасымен марапатталғанына тоқталды. Алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.

   Әрі қарай Ш.С.Жандасова  білім басқармасының бас маманы, Т.Н. Протопопова қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, А.А. Жилкожина білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының  директордың орынбасары тілектерін білдіріді.

 Жауапты сөзбен орыс тілі және әдебиетінен ІІІ-і дәрежелі диплом иегері Әбу Досмуханбетов атындағы  дарынды балаларға мамандандырылған гимназия –интернатының 11 сынып оқушысы Байназарова Аружан, ағылышын тілінен ІІ-дәрежелі диплом иегері Кирьякова Юлия –бірінші лицей оқушысы өз тілектерін білдірді

Дөңгелек үстел өткізу барысында оқушылар өздерінің  ойларымен бөлісіп әсерлерін айтты .

Информатика пәнінен ІІІ-і дәрежелі дипломның иегері бірінші гимназияның 11 сынып оқушысы  Кузнецов Антон осы олимпиадаға дайындаған ұстаздарына алғысын білдірді.ҚТЛ-дің 10 сынып оқушысы Мустафаева Айсель қазақ тілінен ІІ-дәрежелі диплом иегері өз сөзінде олимпиада жоғары денгейде өткізілген туралы айтса, Бейсембаев Қуандық олимпиадаға қатысқан балаларға алғысын білдірді. Құттықтау және тілек сөздерімен осы олимпиадаға дайындаған ұстаздар сойлеп, балаларға алдағы уақытта білімдерін шыңдап, жетістіктерін одан әрі жалғастыруға  тілек білдірді.














Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь