Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Сынып сағаты "Экология және біз"


Ж.Тәшенев атындағы №20 орта мектебінде кезектегі сынып сағатын 10.04.17 күні өткізілді. Тақырыбы: Экология және біз.Сыныбы:5«А»

Сынып жетекшісі: Таженова Т.Қ

Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру

Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу



Амансын ба, Көктем!

Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын 
Құтты қонақ келіпті 
Төрімізге еніпті 
Ал, қанікей бәріміз 
Сәлем дейік үлкенге 



Кіріспе сөз:

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?



Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.



Оқушылардың орындауында «Атамекен» әні.

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

  1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;
  2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз

  1. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.
  2. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

Қызығушылықты ояту.

— Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен.

Қорытынды

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь