Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Жүзден жүйрік атанды




Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы.   Сол жылдар бойы жинақталған қазынаны жылына бір рет салмақтап отырады.

Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның қалалық кезеңі өткізді. 9-11 сыныптар арасындағы білім бәсекесіне Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары барлық пәндер бойынша өз бақтарын сынға салды.

Білімді мыңды, білікті бірді жығады деп даналарымыз тегін айтпаған ғой. Қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары өз мектептерінің намысы мен өздерінің білімдерін қатар сарапқа салу үшін жобаға қатысқан болатын.  Сын сағатта бәйгеге түскен жастардың арасынан 10 сынып оқушысы Алтаев Теміржан «Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі ауыл көрінісі» тақырыбында жоба қорғап, жүзден жүйрік атанды. Ғылыми жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Солтан Алтай.

Солтүстік Қазақстан облысында өткен ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне жолдама алған 10 сынып оқушысы Алтаев Теміржан Петропавл қаласының намысын қорғап ІІ орын алды. Оқушы қазақ әдебиеті пәнінен де білімінің осал емес екенін көрсетіп, 5 желтоқсан тапсырған тесттен 104 ұпай жинап үздік нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта облыстың намысын республикада қорғайтын болады. Білімнің биік шыңынан көріне бер, жас қыран!
 
Көкбасқызы Жазира
Білім айнасы
Қызылжар қаласы

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь