«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы
06.02.18 күні Петропавл қаласы Қазақ мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай ана жүрегі, ана мейірімінің ыстық әрі ықыласты екенін жеткізу мақсатында «Алтын жүрек анамыз» атты 2-4 сынып оқушыларының арасында ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы жүргізілді.
Сайыстың мақсаты: Жас ұрпақты үлкендерді сыйлауға, ананың қадірін құрметтеуге, мәнерлеп оқуға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Мәнерлеп оқу сайсында М.Мақатаевтың, М.Жұмабаевтың, Қадыр Мырза Әлі ақындарымыздың Ана тақырыбындағы өлең жолдары оқылды.Сайыс барысында көрермендермен және қатысушылармен бірге Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін қосылып орындадық. Әділ-қазылар шешімін шығарғанша оқушылармен жағдаяттар талдадық.
Ұйымдастырылған сайысқа барлық оқушылар белсене қатысты. Қатысқан оқушылардың барлығы мараппатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер