Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Рақымжан Отарбаевтың «Қасірет» драмасы

Мектебімізде Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласының барлық бөлімдерін қамти отыра, үнемі іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Осыған байланысты 8 ақпан күні  Петропавл қаласындағы  Сәбит  Мұқанов атындағы сазды –драма театрына  «Қасірет» атты драмасына 8-10 сынып оқушылары және мұғалімдер барды.  Белгілі жазушы Рақымжан Отарбаевтың  «Нашақор туралы новелла» шығармасының желісімен сахналанған  қойылым өзінің  қисынға құрыла  білген режиссерлік  шешімдерімен ерекшеленеді. Спектакльдің  негізгі  мазмұнын аша түсу мақсатында  Абайдың «Сегіз аяқ»  өлеңі кіріктірілген. Өз  көрерменін бір сәт  басты кейіпкер Жалқытайдың  тағдыры  үшін  аландатып, қиялын  ұштауға  жетелейтін қойылым шытырман желісімен қызықты. Сондай-ақ,  пьессадан тыс спектакль басына өз армандарымен  бөлісетін  бірнеше  кейіпкер енгізілген. Аталмыш  кейіпкерлер-үлкен  өмірге енді  қадам  басқалы  тұрған жастар. «Қасірет» атты драмасынан оқушылар үлкен өмірлік сабақ алуға болады. Бұл жастарды  салауатты өмір салтын ұстауға үйретеді.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь