Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«БІЗ ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТТІ ТАҢДАЙМЫЗ»

2019 жылдың 21-25 қаңтар аралығында Халықаралық интернетсіз күнге арналған Республикалық кең ауқымды балалар науқаны аясында «Мен OFFLINE» науқаны
Науқанның ұраны: «БІЗ ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТТІ ТАҢДАЙМЫЗ»
Науқанның қатысушылары: 1--9 шы сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар
Науқанның мақсаты: кәмелетке толмағандарға, педагогтар мен ата-аналарға агрессивті Интернет-контент мәселесін сезіну деңгейін арттыруға, Интернет ресурстарын пайдалану мәдениетін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету.
Науқан қатысушыларына басты талаптар
Науқанды өткізу кезінде (барлық оқу күні) 27.01.2020 жылы барлық қатысушыларға ұялы телефондарды пайдалануға, құлаққап арқылы музыка тыңдауға, интернетке шығуға, телефонда ойын ойнауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Ұялы телефондарды өзімен бірге алып жүруге болады, бірақ олар үнсіз режимде болуы керек. Талаптарды бұзған қатысушылар өз сыныбына МИНУС әкеледі. Науқан барысында БЕЛСЕНДІ болған сынып, барлық науқанның аралығында АРТЫҚШЫЛЫҚҚА ие болады. Науқанды өткізу туралы барлық ақпарат 2 қабатта орналастырылатын экранда көрсетіледі. «Мен OFFLINE» науқаны нәтижелерінің мониторингін жоғары сынып оқушылар кеңесі жүргізеді. Үздік сынып ауыспалы кубокпен марапатталады. «Мен OFFLINE» науқаны тоқсан сайын 1 рет өткізіліп отырады.
Науқанның қорытындысы 29.01.2020 жылы шығарылады.
Күтілетін нәтиже
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде балалардың, ата-аналар мен педагогтардың интернет сауаттылығын арттыру, тәрбие процесіне қатысушылардың Интернет қауіпсіздігінің қағидаттары мен баптаулары туралы хабардар болуы, Интернет желісінде әңгімелесушілерге жауапкершілік және құрмет сезімін қалыптастыру күтіледі.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь