Қазақ мектеп –гимназиясында Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты –- интернет тәуелділіктің алдын алу, интернетті пайдалану мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігі үшін ересектердің жауапкершілігін күшейту. Балаларға смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алаңдауға көмектеседі және бұл күн тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақындарымен қарым-қатынаста және интернет байланысы жоқ өзінің сүйікті жұмысымен шұғылдануға көмектеседі. Бұл іс-шара 5-6 сынып оқушыларының арасында өтті. Іс-шараға 225 оқушы қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға ғаламтор жайлы маңызды ақпараттармен қоса пайдасы мен зияны жайлы қызу пікірталас жүргізілді. Сонымен қатар, іс-шараны Ғаламтор жайлы қысқаметражды бейнероликтер мен «Ғаламторсыз 1 күн» тақырыбына арналған суреттер галлереясы сынды көркем құралдар толықтырды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау