Ұлттық ойындар - рухани мәдениетті қалыптастыру жолы деп бекер айтылмаған.
Ұлттық ойындар - рухани мәдениетті қалыптастыру жолы деп бекер айтылмаған.
Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан, шеңбер, және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған. Және бұлар бір – біріне өте ұқсас келеді. «Үштабан» ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді. Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, не болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. «Алтыатар» ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейлердің бір шетіне түпте қалған (сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны - 6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі. «Шеңбер» ойыны аса ептілікпен дәлдікті қажет етеді. Жалпы асық ойынының әрқайсысы баланың дәлдікпен ойлау қабілетін және жеңу мақсатын алға қоя отырып, басқалардан озам деген талпынысты оятады.
Сондықтан қазақ тілі сабағында оқушылар қоңырауға 5 минут қалғанда асық ойынын ойнағанды жақсы көреді.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер