30 қаңтар күні «Ұшқыр ой алаңы» атты облыстық дебат турнирі өткізілді. Аталған турнирге М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінен 10-сынып оқушылары Курмангожина Аружан мен Зияфиддин Дариға және 9-сынып оқушылары Иманов Санжар мен Рахметов Елдос қатысты. Қатысқан оқушыларымыз Рахметов Елдос пен Иманов Санжар 3 орынға ие болса, Курмангожина Аружан мен Зияфиддин Дариға 1 орынды иеленіп, ақпан айында Шымкент қаласында өтетін дебат турнирінің Республикалық кезеңіне қатысуға жолдаманы алды.
Дебат турнирінің Республикалық кезеңіне қатысатын Курмангожина А.мен Зияфиддин Д. сәттілік тілеп, толағай табыстарға жетеді деген сенімімізді білдіреміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау