2020 жылғы 27-29 қаңтар күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» XV республикалық конкурсына Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық класикалық гимназияның 2 ә сынып оқушылары Біржан Елдана мен Тастемір Әлихан қатысып ІІІ жүлделі орын алыды. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Абишева Камшат Сырымқызы. Шәкірттеріміз бен ұстазымыздың республикалық деңгейдегі жетістігіне шексіз ризамыз. Білім додасында жетістіктерге жете берулеріне шын жүректен тілектеспіз.