Білім беру стандарттарының жасалынуы, инновациялық технологияны дамыту, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену – өзгерістердің куәсі. Дебат технологиясы білім беру жүйесіне сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында 1993 жылы бір топ американдық педагогтардың ұсынысымен енгізілген болатын. Бүгінгі күні оқушылардың мемлекеттік тілде өз ойын білдіріп, өзінің көзқарасын дәлелдей алу қасиетін дамытатын қызықты да қиын - дебат ойынның маңызы зор. Мектебімізде дебат клубы құрылып, оқушыларымыз бірнеше жарыстарда өздерін сынады. Сол сияқты "Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы" КММ ұйымдастыруымен 31.01.2020 жылы "Ұщқыр ой алаңы" Республикалық пікір-сайыс турнирінің облыстық кезеңінде жүлделі ойындарға ие болды. ІІІ орын - Жұрнаш Н, Серикова А, Темірбай С, Амантай Г, Жұманбай Ж, Жұмағұл Ү, ІІ орын- Ашимова М, Кабдрахман А иеленді. Дебат ойынының қыр-сырын танып келе жатқан оқушыларымызға сәттілік және табыс тілейміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау