«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінен абыройлы нәтижемен оралды. Атап айтсақ, «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша Беспалова Маргарита және «Әнші-бұлбұлдар» номинациясы бойынша Коспанова Салтанат (8-сынып, мұғалімі Можганова Нүрикамал Тлектесқызы) жүлделі І орындарды иеленді. «Жас қаламгер» номинациясы бойынша Қайрат Малика (11-сынып, мұғалімі Ауганбаева Зухра Нұрмолдақызы) ІІ орын, «Білгірлер бәйгесі» номинациясы бойынша Эркеуланова Актилек (8-сынып, мұғалімі Аюпова Балбота Азаматқызы) ІІ орын алды. Жусипали Зейнеп «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша (8-сынып, мұғалімі Аюпова Балбота Азаматқызы) Алғыс хатпен марапатталды.
Алдымызда – облыстық кезең. І орын алған жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер