Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Жүректен - жүрекке»

 «Жүректен - жүрекке»
 
 Оқушыларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, әдеби сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту.
 
10 ақпан күні өзін-өзі тану онкүндігі аясында 1-5 сынып оқушылары арасында «Жүректен - жүрекке» атты тренинг сабағы өткізілді. Тренинг сабағы барысында балалар шаттық шеңберін құрып, «Мейірім шуағы» ойынымен бір-біріне жіпті беру арқылы аты-жөндері мен ата-аналарының қалай ерекелететіндігі туралы айтып өтті. Әр сыныпқа «Суретті тест» тапсырмасы берілді, балалар сынып жетекшілерімен бірге берілген сұраққа сурет арқылы өз ойларын бейнеледі. Оқушыларға айна таратылып «Мен қандаймын» жаттығуы арқылы айнаға қарай отырып, балалар қойылған сұрақтарға жауап берді. «Жан жүрек сыры» жаттығуы барысында жүрекке жылы лебіздері мен мейірімді  тілектерін білдірді. Бүгінгі тренинг сабағына барлық оқушылар сынып жетекшілерімен бірге белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Оқушылар тренинг сабағынан өмірге пайдалы, маңызды ақпарат ала алды.


      


      


      

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь