Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Сүйіспеншілік - өмір негізі.

Сүйіспеншілік - өмір негізі

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік  білім бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірі мен қызметіне арналған 5-9-сыныптар үшін жалпыреспубликалық ашық сабақ

 

 

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің»  мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту. 

Сабақтың міндеттері:

  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы  «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау;
  • шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;
  • өз істерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға, табиғатқа көмек көрсетуге тәрбиелеу. 

 

Сабақ барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мұғалім сабақты оқушылардың С.А.Назарбаеваға шын жүректен тілек айтуымен бастайды.

Дәйексөз

Мұғалім оқушыларға дәйексөз жазылған қима қағаздарды таратып, олардан берілген дәйексөзді құруды тапсырады.

«Барлық тіршілік Сүйіспеншіліктен нәр алады. Сүйіспеншілік бар жерде нұр төгіледі» деген С. А. Назарбаеваның айтқан қанатты сөзін құрып, мағынасын түсіндіреді.

Талқылау сұрақтары

  • Адамның шын ықыласпен істеген істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
  • Сүйіспеншілік неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?
  • Сүйіспеншілік сезімдерді қалай білдіресіңдер? Кімге? Неліктен?

 

Әңгімелеу

Отанға деген сүйіспеншілік

(аңыз әңгіме)

Ерте кезде жиі болатын шапқыншылықтардан әбден шаршаған қазақ елі бір күні жаудың күші ала алмайтындай бір қамал соғуға шешім қабылдайды. Бұл қамалды салу үшін тұрғындар ынтымақмен, бар күш жігерлерін салады. Алайда бұл қамалдың бір жақ қабырғасы  еш нық тұрар емес, қайта-қайта құлай берді. Шаршаған жұрт, әбден қажыды. Сонда халық арасынан бір ақылгөй шығып, бұл қамалды нық тұрғызудың амалын білемін дейді. Ол үшін жалғыз ұлы бар ананы тауып, ол ұлын өз еркімен осы қабырғаға тірідей қалауы керек және жігіт те өз еркімен Отан  үшін жанын пида ету керек деп айтады.

Көп іздемей ақ, ондай ана мен бала табылды. Ер жігіт қамалға келіп: «Отан  алдындағы парызым, елімді аман алып қалуға дайынмын», – деп, қабырға тұсына келіп тұра кетеді. Анасы қайғыдан әрең шыдап тұрғанда ақылгөй одан: « Сен қалай ғана балаңды қидың»?- деп сұрапты, сонда ол: «Менің ұлымның екі анасы бар, бірі-мен болсам, екіншісі – Отан-анасы, бүгін оны екінші анасы шақырды, қалай жібермеймін», – деп Отан үшін жалғыз ұлын қиюға әзір екенін көрсетіп, қайраттылық танытады. Сонда ақылгөй жасалғалы жатқан әрекетті тоқтатып, келесідей сөзді айтады: «Бізді жау алдындағы қорқыныш пен шарасыздық көзімізді жұмып қойғандай, алайда біздің жасағалы тұрған ісіміз дұрыс болмас, мен мына ана мен баланың әрекетін көріп, мұндай аналар мен балалары бар, бізді жеңу мүмкін емес, баланы жіберіңдер де, қамалды аяқтаңыздар», – деп бұйырады. Сол уақыттардан бері талай шапқыншылықтар болды, қиын замандар өтті және ол қамал он рет құлады, алайда халықтың күшімен оны он бірінші рет қайта тұрғызды!

Рухани-адамгершілік мазмұны негізінде берілген материал бойынша әңгімелесу. Мұғалімнің айтып өткен аңыз әңгімесі бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелесу.

  • Әңыз әңгімені қалай түсіндіңіздер?
  • Ақылгөй қойған шартының тағылымы неде?
  • Ананың бойынан қандай қасиеттер байқадыңыз?
  • Отан алдындағы парызын өтеуде қандай құндылықтарды атауға болады?
  • Осы аңыз әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

 

Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс

Оқушыларды төртке дейін санау арқылы төрт топқа біріктіру. Әр топқа үй тапсырмасы ретінде алдын ала өзін-өзі тану онкүндігіне байланысты «Сүйіспеншілік» тақырыбында сурет салу шығармашылық жұмысы ұсынылады. Шығармашылық жұмыста «Көрме» әдісін қолдану арқылы суреттер көрмеге ілініп, әр топ келесі топтың салған суреті бойынша сүйіспеншілік сезімін тереңдету мақсатында таныстырып, әңгімелеп береді.

Топпен ән айту

 

Айналайын

Сөзі М.Шахановтікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі

Өзің едің тірегім де,

Жыр боп тұндың жүрегімде...

Сені мендей түсінетін,

Кім бар екен бұл әлемде?

 

Қайырмасы

 

Жарқын құшақ жайған айым,

Ниетіңе сай болайын.

Мені сүйген жүрегіңнің

Лүпілінен айналайын.

Әнің әнге жалғассын деп

Келеді арман алға сүйреп.

Менің кемем өрге жүзсе,

Сен қуандыңалғашрет.

Қайырмасы

Саған мәңгі борыштармын,

Көңіліме қоныстандың,

Азаматтық ажарыңа,

Мақтау айтсам намыстандың.

Қайырмасы

 

Рефлексия

Ойланып, болашақты жоспарлауға байланысты рефлексия жүргізуді ұсыну. Оқушыларды болашақтағы болатын оқиғаларға сұраққа жауап беру арқылы дайындау.

– Мен риясыз сүйіспеншілік сезімін білдіру үшін оны қалай жоспарлаймын?

– Мен бүгін не өзгерте аламын?

– Мен қоғамға қалай пайда әкеле аламын?

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім сабақ барысында қолданған дәйексөзді бірнеше оқушыдан жатқа сұрап,  Сара Алпысқызының айтқан  ізгі тілегімен сабақты аяқтайды.

«Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін». с


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь