Бүгін, яғни 11 ақпан күні біздің мектептің жасөспірім қыз балалары үшін ерекше күн. Өйткені қалалық "Қыз Жібек" клубының қатарына 25 қыз бала қабылданды.
Бүгін, яғни 11 ақпан күні біздің мектептің жасөспірім қыз балалары үшін ерекше күн. Өйткені қалалық "Қыз Жібек" клубының қатарына 25 қыз бала қабылданды. «Қыз Жібек» клубының негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірді отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және мектеп оқушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру.
«Қыз Жібек» клубының негізгі міндеті:
-тарихи дара тұлға-арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;
-ұрпаққа ұлттық тәрбиенің сіңіруші ретінде даярлау;
-кез-келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
-сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды ұйрету;
-қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен қалыптастыру;
-болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
-ұлттық құндылықтарды салт-дәстүрлерді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;
-отбасы тұрмысына, үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру
Бұл іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер