Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Қыз жібек» мектепішілік қыздар клубының негізгі бағыттары

«Қыз жібек» мектепішілік қыздар клубының негізгі бағыттары
1.Тарихи тұлғалардан өнеге
«Қыз» – ардақты ана, аяулы жар, ұрпақ жалғастырушы, яғни «қыз» деген ұғымға толассыз сөздер толып жатқаны айдан анық. «Қыз» бала болашақ – ана, инабатты келін, ана-әже. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.а) қыз баланы қатты қастерлеген мынадай даналық сөзі бар: «Қандай отбасында болмасын, қыз бала дүниеге келсе, сол күннен бастап, сол отбасының тілеуін періштелер үздіксіз тілеп отырады». Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін баласына,
немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, жалғастырушы, дамытушы әрине, әйел-ана. Сонымен бірге тарихымызда өткен аяулы аруларымыздың бейнесі де үлгі тұтарлық, өнеге аларлық болып табылады. Томирис – Тұран патшасы Афрасиябтың қызы. Патшайым болып ел басқарған батыр қыз. Бөрте ханым – Шыңғыс ханның әйелі. Гауһар – Қабанбай батырдың жары. Домалақ ана (Нұрила) – Бәйдібек бидің әйелі. Қыз Жібек – мәңгілік махаббат символы, Қалампыр ана – Балуан Шолақтың анасы.Қарашаш – Жиренше шешеннің жары. Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған қазақтың ер жүрек қыздары – Мәншүк пен Әлия, Желтоқсан оқиғасының батыл қыздары Ләззат Асанова мен Сәбира Мұқаметжанова.
2. «Қыз Жібек» клубының мүшелерінің бейнесін қалыптастыру
Қазақтың ежелгі салт-дәстүрлеріне жүгінсек қазаққыздары ешқашан ер-азаматпен бедел таластыруға ұмтылмағаны белгілі. Әріден келе жатқан әдепті берік ұстанған халық қызын ешкімге қорлатқан емес. Қазақ қашанда қызын әлпештеп өсіріп, оң жақта отырған қызға аңдап қарап, оның «ақылына көркі сай» болуын қадағалаған. Елімізде «қыз» сөзі және жалпы қыздарға байланысты халықтың ұғымында «қыз бала – елдің көркі, халықтың гүлі, өмір-тіршілігі» дегенді білдіреді. Қазақ халқында қызға берілген анықтама, оларға қойылған талап-тілектер, қызды еркелету, қызды тәрбиелеудің үлкен жолға қойылғанын көрсетеді. Ата-бабамыз қашанда қыз балаға ерекше қашанда қыз балаға ерекше қараған.

 
 
 



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь