Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Қазақ тілі апталығы

«Тіл-ұлттың тірегі» атты қазақ тілі апталығының есебі

 

Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.

2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап 31 қаңтарына дейін «Тіл - ұлттың тірегі» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталық салтанатты жиынмен ашылды  «Ана тілім ардағым» атты кітап көрмесі өткізілді.

Сонымен қатар «Бәрін білгім келеді» зияткерлік ойыны, «Қызықты грамматика»

логикалық ойлау тапсырмалары, «Менің Елім» эссе сайысы, «Кім алғыр?» мақал-мәтел сайысы  және «Талапты, талантты » өлең оқу сайысы жүргізілді.

Мектебіміздің барлық оқушылары сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«Тіл-ұлттың тірегі» атты қазақ тілі апталығының қорытындысы бойынша 9 сынып оқушыларына  белсене қатысқаны үшін сертификат берілді. Ал «Менің Елім» атты эссе сайысына 6-8 сынып оқушылары қатысып, 1 орынға 8 сынып оқушысы Косоурова Виктория,6 сынып оқушысы Акимов Владимир марапатталды. Осы номинацияда  2 орынға 6 сынып оқушылары Косоурова Карина және Мурых Даниил 1,2 дәрежелі дипломдармен  марапатталды.

Апталықтың әр күні қызықты да көңілді өтті. Әсіресе соңғы күніне тоқтала кетсек, «Талапты, талантты» өлең оқу кеші ұйымдастырылып, әдемі патриоттық өлендер тыңдалды. Бұл кеш сайыс түрінде өтілді. Сайсымыздың жеңімпаздары Крапивина Арина, Косоурова Виктория болып тағайындалды.

Әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік

тілді жетік меңгере білуіне көп көңіл бөлінуде, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық  қабілеттерін оята білдім.  Қазақ тілін қорытындылай келе белгіленген жоспар бойынша өз мақсатына жеттім.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі:                      А.Қ. Дімбаева



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь