Абай –ұлы ақын
"Абай –ұлы ақын"
Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру.Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту. Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты, қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Осы орайда 14-ақпан күні Мамлют қазақ мектеп-интернатында Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына арналған мектепішілік тәрбие сағаттары өткізілді. Жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер