Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, 2020 жылдың 14 ақпанында «№23 орта мектеп» КММ салтанатты іс - шара өтті. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері А.И.Баилов пен Ш.Қ.Қабылбековтың ұйымдастыруымен акт залында ұлы ақынның өмір баяны мен шығармашылығы туралы «Абай дара – Абай дана» атты дөңгелек үстел өтті. Бастауын мектеп мұғалімдері «Абай Ұлы тұлға» тақырыбымен тәрбиелік шара өткізді. Оқушылар Ұлы ақынның шығармалары мен өлеңдерін оқып поэзиясымен жақын танысты. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мерекелік іс – шаралар білім ордасында жалғасын таба бермек.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау