«Кітапты күт» акция
Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты екендігін білеміз. Кітап – рухани сарқылмас асыл қазына.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей: «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлайды деп».
Міне, бастауыштан бастап өзімізге білім беріп жатқан оқулықтар еліне ұландар ұйымы қараша айында рейд жүргіздік. «Кітапты күт» акциясы бойынша, қадағаланып ескертулер жасалынса да осы оқушылардың кітаптары тысталынды.
Қандай нәтиже берді?
1 сынып оқулықтары мектепте қалады, десекте де ата-аналарымен әңгімелесіп тысталынса;
2 сынып Қайырлы Қуанар, Құлатай Ақерке
3 сыныптың кітаптары түгел тысталынған. Мектеп бойынша осы сыныптың оқулықтары күтіліп, ұсталуы да сынып жетекшісі мен оқушыларына рахмет.
5 сыныпта Думан Арай, Нурланова Дарина
6 сынып Құлатай Диляра, ескерту жасалынған соң түгел тысталынды.
8 сынып Ерғали Дариға, Жұмағұл Мирастыкі тысталынған. Қалғандары тысталынған жоқ.
9 сынып аға сынып болса да, ешқандай жауапкершілік сезілмейді. Сыныптың кітаптары түгел тысталынбаған ескерту жасалынды.
Абай Құнанбаев атамыздың: «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» деп жырлағанындай, ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұғындырайық. Біздің ұландар ұйымы ғана емес, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері кітапқа көп қамқорлық қажет екеніне көмек берсеңіздер екен деген өтініш білдіремін.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау