Мектебімізде 8-11 сынып ұлдарына арналған " Ұл тәрбиесі- ұрпақ тәрбиесі" тақырыбында конференция өтті. Конференцияның мақсаты: Қазақ халқының ер баланың тәрбиесіне деген көзқарасын талқылау, ұлттық сана- сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаларды дәріптеу. Конференцияға ұлағатты ұстаз Жанахметов Талғат Қасымұлы , мектебіміздің түлегі, Көкшетау әскери техникалық институтының 1 курс студенті Болатов Мақсат, Қытай мемлекетінде оқитын студентіміз Тулеуов Тлеужан қатысты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау