2020 жылдың 3 наурызында Саумалкөл қазақ мектебінде атаулы мерекелер Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жыл толуына, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына,Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына,Абу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына , Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жыл толуына, Еріктілер жылына арналған «Ұлы Жеңіс- ұрпаққа аманат» тақырыбында көркемөнерпаздар байқауы өтті. Мерекеге ұстаздар мен оқушылар барлық жанрда дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.Ұстаздардан құралған "Саумалкөл толқындары" фольклорлық ансамблі халық әндерін оқушылардан құралған "Ұландар", "Самғау","Еркемай" хоры, "Гүлдер", "Жауқазын","Айшабибі" қыздардан құралған бишілер,өнерлерін көрсетті. Оқушылардың дайындаған Абай Құнанбайұлының 175 жыл толу мерейтойына поэзия әлемі және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған сахналық қойылымдар қойылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау