Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектебімізде көрме ұйымдастырылды
11 ақпан күні кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектебімізде көрме ұйымдастырылды. Оған 2-10 сынып аралығындағы оқушылар белсенді атсалысты. Бірі Жейдебайдағы үйінің көшірмесін салып таң қалдырса, бірі мүсінін түрлі өрнектермен көмкерді. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысқан осы іс-шараның мақсаты - Абайдың шығармашылығын келешек ұрпаққа насихаттау. Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Садвакасова М.У.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер