"Мейірімділік жасайық " атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып табылады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр. : Өзін - өзі тану : Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің аясында, қайырымдылық, мейірімділік, жақсылық жасау, сол бір тамаша дәстүр бүгінгі дейін жалғасын табуда. Қазақ мектеп - гимназиясының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Альмишева А. Ж және әлеуметтік ұстаз Аблина А. К, өзін - өзі тану пәнінің ұстаздары ұйымдастырған "Еріктілер жұмысы", яғни "Мейірімділік жасайық " атты қайырымдылық акциясына байланысты орта буын оқушыларымен бірге қарттар үйіне барды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, баянда ойнап, тәтті тағамдарын арнап, өлең жолдарын арнады. Қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әкелгендері білдірген жылы тілектерінен көрінді. Адам көңілінен нәзік еш нәрсе жоқ қой. Сондықтан бұл қайырымдылық акциясы әлі де жалғасын табады деген ниеттеміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер