Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Биыл қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл


Биыл қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Ақынның мерейтойын лайықты атап өтуге мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде 500-ге тарта ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылу жоспарланып отыр. Мұның бәрі ой - өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.
Осыған орай мектебімізде ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, біздің мектебімізде 29 қаңтар - 6 ақпан аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігі» аясында Абай Құнанбайұлының 175 жыл мерейтойына арналған 0-11 сыныптар арасында «Абайға арнау» эстафетасы болды. Эстафета байқау ретінде өтті. Бұл эстафетаны қабылдағандар саны – 700-ге жуық. Мектеп ұжымынан 28 қатысушы болды. Барлық сыныптар толық қатысты.
0-11 сынып аралығы бойынша ең көп ат салысқан сыныптар: 1 орын: 6 -сынып, 2 орын: 4-сынып, 3 орын: 5-сынып.
5 үздік сынып анықталды. Олар: 2 «Б» сынып, 4 «А» сынып, 6 «А» сынып, 8 «Ә» сынып, 10 «Ә» сынып.
Әр сыныптан ең көп ұпай жинаған оқушылар да көзге түсті. Атап айтсақ, 0-сынып – Серік Әмір, 1 Б сынып – Аубакирова Жансая, 2 Ә сынып – Исләмбек Алдияр, 3 Ә – Серік Мадина, 4 Ғ – Ермек Самира, 5 Ә – Құдабай Дина, 6 А – Исмагулов Алихан, 7 А - Ғалымова Аружан, 8 Ә – Шаяхметова Анель, 9 В – Бергалиева Айгерім, 10 А – Гиззатова Дана, 11 Ә – Таспулатова Адия.
Сонымен қатар, 13 оқушы номинацияға ие болды. 0-сынып – Ерсаян Нұрасыл, 1 Ә – сынып – Бисимбай Ясмина, 2 Г – Нұрқан Нұрай, 3 А – Жамбыл Жаннұр, 4 Ә – Туғанбаева Толғанай, 5 Г – Еркеш Өмірзақ, 6 Г – Хасетова Аружан, 6 Г - Оспанов Темірлан, 7 В – Амангельдинова Гульайым, 8 Б – Боғдат Бекзат, 9 В – Жайлаубай Ақжан, 6 Ә – Жайлаубай Біржан, 1 В – Талғатов Арнур.
Осы эстафетаға белсенділік танытқан оқушылар: 1 Ғ – Дуйшанбе Ақниет, 2 А – Жакупова Аяулым, 3 Б – Шарапиденова Диляра, 4 Б – Ғаббас Алуа, 5 Б – Алимжанова Даяна, 9 А – Айткенова Жанерке, 6 В – Талғатов Ернұр, 1 А – Қанағат Нұрай. Барлық жеңімпаздар мен ерекше көзге түскендерге арнайы сыйлықтар мен дипломдар, мадақтамалар табыс етілді. Ұйымдастырушыларға көмек көрсеткен сынып: 9"А" сыныбы, сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сураганова Айнагуль Қанатқызы.

 

 

 



 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь